Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 557 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 мамырдағы N 713 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Эмиссиялар нормативтері белгіленетін және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 557 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 23, 263-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және 1-тармақта "және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген эмиссиялар нормативтері белгіленетін және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесінде:
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов