• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 586 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесі бекітілсін. 
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 27 сәуірдегі
 N 586 қаулысымен
 бекітілген
Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесі
1. Осы Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөнінде ақылы қызмет түрлерін көрсетуді регламенттейді. 
Осы Ереженің әрекеті өздерінің қызметін орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында жүзеге асыратын республикалық және де коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мекемелерге қолданылады. 
2. Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлері Қазақстан Республикасы орман заңнамасының және Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі қызмет түрлері
3. Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөнінде мынадай ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырады: 
көгалдандыру, қорғаныштық, плантациялық және өзге де екпелер егу;