Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 586 Қаулысы
тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.08.2010 № 816 Қаулысымен (27.04.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау ережесі бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.08.2010 № 816 Қаулысымен (27.04.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 586 қаулысымен бекітілген
Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау ережесі
тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.08.2010 № 816 Қаулысымен (27.04.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөнінде ақылы қызмет түрлерін көрсетуді және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсауды регламенттейді.
Осы Ереженің әрекеті өздерінің қызметін орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында жүзеге асыратын республикалық және де коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мекемелерге қолданылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.08.2010 № 816 Қаулысымен (27.04.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
2. Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлері Қазақстан Республикасы орман заңнамасының және Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі қызмет түрлері
3. Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөнінде мынадай ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) жеке және заңды тұлғаларға:
егу материалын өсіру мен орман тұқымдарын жинау;
көгалдандыру, қорғаныштық, плантациялық және өзге де екпелер егу;
оқу практикаларын өткізу жөнінде ақылы қызметтер көрсету;
2) мыналардан:
аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуден және өзге мақсаттарда, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесуден:
орманды жанама пайдаланудан өндірілген тауарларды өткізу.
4. Мемлекеттік мекемелердің орман шаруашылығы саласындағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған қаражатты жұмсауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.08.2010 № 816 Қаулысымен (27.04.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
4-1. Аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін жүзеге асыру кезінде өндірілген тауарларды, олардың алынған сүректі өңдеу өнімдерін, орманды жанама пайдалануды өткізу нарықтық бағалар бойынша жүргізіледі.
Ереже 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 13.08.2010 № 816 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
4-2. Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражаты:
1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге;
2) орман шаруашылығы жолдарын салуға және күтіп ұстауға, ормандарды өртке қарсы жайластыруға;
3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы жобалау-іздестіру жұмыстарына;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |