• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы N 58 қаулысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 28 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1482.

: Қаулының атауына және 1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 12.12.2005 № 156, 28.11.2008 № 94 Қаулыларымен. (03.03.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы редакция 24.08.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында касса операцияларын және қолма-қол ақша айналымын ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 
2. Осы қаулы бекiтiлген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде касса операцияларын жүргізу ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 394 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
#$: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 156 қаулысымен.
3. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):  
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;  
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін;  
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына осы қаулыны екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберуге міндеттесін.
#$: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 156 қаулысымен.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.     
Ұлттық Банк 
Төрағасы
Келісілген
Қазақстан Республикасының 
Ішкі істер министрлігі 
Вице-Министрі 
2001 жылғы 3 наурыз
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2001 жылғы 3 наурыздағы
 N 58 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде және
 банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
 ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды,
 монеталарды және құндылықтарды инкассациялау
 операцияларын жүргiзу ережесi
#$: Ереженің атауына өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 12.12.2005 № 156, 28.11.2008 № 94 Қаулыларымен.
1-бөлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Екінші деңгейдегі банктерде және банк 
 операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге 
 асыратын ұйымдарда касса операцияларын 
 және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды 
 инкассациялау бойынша операциялары 
: Тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды, өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 12.12.2005 № 156, 28.11.2008 № 94 Қаулыларымен. (03.03.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) касса операцияларын және инкассация, банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жасау тәртібін, сондай-ақ қолма-қол ақшаны, басқа да құндылықтарды сақтау мен екінші деңгейдегі банктерде, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда, олардың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) немесе қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) лицензиясы бар филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерінде (бұдан әрі - банктер) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес касса тәртібінің сақталуына бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті талаптарды белгілейді. 
Осы Ереженің нормалары қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын уәкілетті ұйымдарға қолданылмайды. Уәкiлеттi банктердiң ақша айырбастайтын пункттерiнiң үй-жайларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң арнайы нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
#$: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 12.12.2005 № 156, 28.11.2008 № 94 Қаулыларымен.
2. Банктердiң клиенттермен қарым-қатынасы шарттық негiзде жүзеге асырылады. Анықталған кемiстiкке, артылып қалушылыққа, төлемге жарамайтын және қолдан жасалған ақша белгiлерiне байланысты өтiнiш-талаптарды реттеу тәртiбi шарттың талаптарында белгiленедi.
: 2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 156 қаулысымен.
3. Касса жұмысын ұйымдастыру, клиенттерге касса қызметiн көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу жөнiндегi функцияны атқару үшін банктерде мынадай бөлiмшелер құрылады: кiрiс, шығыс, кiрiс-шығыс кассалары, қайта есептеу кассасы, кешкi касса және басқалары. 
Бір касса қызметкерінің клиенттерге касса қызметін көрсетуді жүзеге асыруынан басқа, Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес банктердің және Ұлттық почта операторының кассаларында қолма-қол ақша қабылдау және беру операцияларын және қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоса атқаруына және орындауына рұқсат етіледі.
: 3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 156 қаулысымен.
4. Аталған бөлiмшелердi құрудың ең тиiмдiлiгi, олардың саны, құрылымы және бағыныштылығы, қызметкерлердi жұмысқа қабылдау/жұмыстан босату, атқаратын мiндеттерi және лауазымдық нұсқаулық қызмет көрсетiлетiн клиенттер саны және касса операцияларының көлемi негiзiнде банктiң бiрiншi басшысы (жоғары органы) бекiткен банктiң iшкi ережелерiнде белгiленедi.
5. Банктiң бiрiншi басшысы және бас бухгалтерi банктегi қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруға және бақылауға мiндеттi.
6. Жұмыста уақытша болмайтын касса қызметкерлерiнiң мiндетiн атқару үшiн немесе банктiң бiрiншi басшысының бұйрығына сәйкес жұмысқа көмек көрсету үшiн касса және басқа банк операцияларын жүргiзу үшiн осы мақсат үшiн арнайы дайындықтан өткен банк қызметкерлерiне жүктелуi тиiс, мұнда ол өзiне жүктелген мiндеттемелермен алдын-ала танысуы және толық материалдық жауапкершiлiк туралы шарт жасасуы керек.
7. Өз клиенттерiне касса қызметiн көрсетудi жүзеге асыру үшiн банктер өздерiнiкi болып табылатын немесе жалға алып отырған ғимараттарда кассалық тораптар құрады.
8. Кассалық торап Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес жобалануға және жасалуға тиiс.
9. Банктер қолданылып жүрген банк заңдарына сәйкес тiзбесi Ұлттық Банктiң жекелеген нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген касса және басқа да банк операцияларын жүргiзу үшiн, филиалдарды, филиалдардың қосымша үй-жайларын банк тұрған жерден басқа орындардан ашуға құқылы.
: 9-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2008 № 94 Қаулысымен. (27.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
10. Банктер клиенттер өздерiне қызмет көрсету мақсатында банкоматтар мен басқа да төлем жасайтын терминалдарын орната алады, осыған орай банкоматтар мен басқа да төлем жасайтын терминалдар өздерiнiң қорғалу деңгейiне қарай банк аумағында да, одан тыс жерлерде де орнатылады. Банкоматтарды басқару және клиенттердi шоттарына жiберу төлем карточкалары жүйесiнiң бағдарламалық-техникалық тәсiлдерi арқылы орындалады. 
2-тарау. Ережеде қолданылатын ұғымдар 
11. Ережеде қолданылатын ұғымдар мынаны бiлдiредi: 
1) корреспондент-банктер - Қазақстан Республикасы банктерiнiң корреспонденттiк шоттары ашылған және тиiстi келiсiмдер жасаған банктерi; 
2) банкноттар, металл ақша - айналымда жүрген құны және түрi әртүрлi ақша белгiлерi; 
3) эмитент-банк - ақша белгiлерiн шығаруға және оларды айналымнан алуға байланысты мемлекеттiң операцияларды жүзеге асыруды реттейтiн орталық (Ұлттық) банкi; 
4) банкомат - төлем карточкасын ұстаушыларға қолма-қол ақша алуға және төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің басқа да қызмет көрсетуін пайдалануға мүмкіндік жасайтын электрондық-механикалық құрылғы; 
5) валюталық құндылықтар - қолма-қол шетел валютасы, төлем құжаттары, номиналы және/немесе құны шетел валютасындағы бағалы қағаздар; 
6) инкассация - қолма-қол ақшаны және басқа құндылықтарды қабылдау, жинау, жеткізу, алып бару, тасымалдау, сақтау және өткізу; 
7) касса - ақшаны және басқа да құндылықтарды сақтау, қабылдау және беру үшiн арнайы жабдықталған үй-жай; 
8) кешкi касса - жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн банк клиенттерiнен және бөлiмшелерiнен қолма-қол ақшаны қабылдап және санап алатын банк кассасы; 
9) санап алу кассасы - банк клиенттерiнен және бөлiмшелерiнен қабылданған қолма-қол ақшаны санап алатын, бәрiн бiр қалыпқа түсiрiп буып-түйетiн банк кассасы; 
10) кiрiс кассасы - операция кезiнде банктiң клиенттерiнен қолма-қол ақшаны қабылдап алатын банк кассасы; 
11) шығыс кассасы - операция кезiнде банктiң клиенттерiне қолма-қол ақшаны беретiн банк кассасы; 
12) касса кiтабы (касса журналы) - белгiлi бiр нысанда жасалған есеп жүргiзу ведомостары, құндылықтармен жасалған операция көрсетiледi, олардың түсуi мен берiлуi есепке алынады; 
13) касса құжаты - ақша құжаты (кiрiстiк касса ордерi, шығыстық касса ордерi, қолма-қол ақшамен жарна төлеу жөнiнде хабарландыру, чек, төлем ведомосы және т.б.), сол бойынша құндылықтарды қабылдау және төлеу жөнiндегi касса операциясы жасалады және ресiмделедi; 
14) касса операциялары - құндылықтарды қабылдау, санап алу, айырбастау, беру, iрiктеу, буып-түю және сақтау; 
15) банк клиентi - банк қызметiн пайдаланатын заңды және жеке тұлғалар; 
16) қолма-қол ақша - айналымда жүрген және тиiстi мемлекетте немесе мемлекеттердiң бiр тобында заңды төлем құралы болып табылатын банкнот және металл ақша түрiндегi ақша белгiлерi, сондай-ақ айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ айырбасталуға тиiстi ақша белгiлерi;