Toggle Dropdown
12
Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы N 58 қаулысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 28 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1482.
Toggle Dropdown
Редакция 14.02.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында касса операцияларын және қолма-қол ақша айналымын ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидалары бекітілсін және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы бекiтiлген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде касса операцияларын жүргізу ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 394 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
Toggle Dropdown
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына осы қаулыны екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберуге міндеттесін.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.
Toggle Dropdown
Ұлттық Банк Төрағасы
Toggle Dropdown
Келісілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Вице-Министрі
Toggle Dropdown
2001 жылғы 3 наурыз
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 3 наурыздағы
N 58 қаулысымен бекітілген
Toggle Dropdown
Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1-параграф. Банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы кассалық операциялар және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операциялар
Toggle Dropdown
1. Осы Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу тәртібін, сондай-ақ қолма-қол ақшаны, басқа құндылықтарды сақтауды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда, олардың филиалдарында (бұдан әрі – банктер) касса тәртібінің сақталуына бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті талаптарды белгілейді.
Toggle Dropdown
Осы Қағидалардың нормалары қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын уәкілетті ұйымдарға қолданылмайды.
Toggle Dropdown
2. Банктердiң клиенттермен қарым-қатынасы шарттық негiзде жүзеге асырылады. Анықталған кемiстiкке, артылып қалушылыққа, төлемге жарамайтын және қолдан жасалған ақша белгiлерiне байланысты өтiнiш-талаптарды реттеу тәртiбi шарттың талаптарында белгiленедi.
Toggle Dropdown
3. Касса жұмысын ұйымдастыру, клиенттерге касса қызметiн көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу жөнiндегi функцияны атқару үшін банктерде мынадай бөлiмшелер құрылады: кiрiс, шығыс, кiрiс-шығыс кассалары, қайта есептеу кассасы, кешкi касса және басқалары.
Toggle Dropdown
Бір касса қызметкерінің клиенттерге касса қызметін көрсетуді жүзеге асыруынан басқа, банктердің және Ұлттық почта операторының кассаларында қолма-қол ақша қабылдау және беру операцияларын және қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоса атқаруына және орындауына жол беріледі.
Toggle Dropdown
4. Аталған бөлiмшелердi құрудың ең тиiмдiлiгi, олардың саны, құрылымы және бағыныштылығы, қызметкерлердi жұмысқа қабылдау/жұмыстан босату, атқаратын мiндеттерi және лауазымдық нұсқаулық қызмет көрсетiлетiн клиенттер саны және касса операцияларының көлемi негiзiнде банктiң бiрiншi басшысы (жоғары органы) бекiткен банктiң iшкi ережелерiнде белгiленедi.
Toggle Dropdown
5. Банктiң бiрiншi басшысы және бас бухгалтерi банктегi қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруға және бақылауға мiндеттi.
Toggle Dropdown
6. Жұмыста уақытша болмайтын касса қызметкерлерiнiң мiндетiн атқару үшiн немесе банктiң бiрiншi басшысының бұйрығына сәйкес жұмысқа көмек көрсету үшiн касса және басқа банк операцияларын жүргiзу үшiн осы мақсат үшiн арнайы дайындықтан өткен банк қызметкерлерiне жүктелуi тиiс, мұнда ол өзiне жүктелген мiндеттемелермен алдын-ала танысуы және толық материалдық жауапкершiлiк туралы шарт жасасуы керек.
Toggle Dropdown
7. Өз клиенттерiне касса қызметiн көрсетудi жүзеге асыру үшiн банктер өздерiнiкi болып табылатын немесе жалға алып отырған ғимараттарда кассалық тораптар құрады.
Toggle Dropdown
8. Кассалық торап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 250 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8080 тіркелген) бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жобалануы және салынуы тиiс.
Toggle Dropdown
9. Банктердің кассалық және басқа да банк операцияларын жүргiзу үшiн банк орналасқан жерден басқа жерлерде Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес филиалдар, филиалдардың қосымша үй-жайларын ашуына жол беріледі.
Toggle Dropdown
10. Банктер клиенттер өздерiне қызмет көрсету мақсатында банкоматтар мен басқа да төлем жасайтын терминалдарын орната алады, осыған орай банкоматтар мен басқа да төлем жасайтын терминалдар өздерiнiң қорғалу деңгейiне қарай банк аумағында да, одан тыс жерлерде де орнатылады. Банкоматтарды басқару және клиенттердi шоттарына жiберу төлем карточкалары жүйесiнiң бағдарламалық-техникалық тәсiлдерi арқылы орындалады.
Toggle Dropdown
1
2-параграф. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар
Toggle Dropdown
11. Ережеде қолданылатын ұғымдар мынаны бiлдiредi:
Toggle Dropdown
1) автоматтандырылған касса – автоматтандырылған басқару құрылғыларын және бағдарламалық қамтамасыз ету пайдалана отырып қолма-қол ақшаны қабылдау, сақтау және беру бойынша электрондық-механикалық жабдық;
Toggle Dropdown
2) арнайы байланыс – арнайы жөнелтілімдерді (тіркеу пакеттері, жіберілімдер және мемлекеттік құпиялардан тұратын және олардың тасымалдағыштары бар тиісті бумадағы метиздер), сондай-ақ басқа да жөнелтілімдерді қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу (тапсыру);
Toggle Dropdown
3) банк клиентi – банк қызметiн пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
Toggle Dropdown
4) банкноттар, монеталар – айналымда жүрген құны және түрi әртүрлi ақша белгiлерi;
Toggle Dropdown
5) банкомат – төлем карточкасын ұстаушыларға қолма-қол ақша алуға және төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің басқа да қызмет көрсетуін пайдалануға мүмкіндік жасайтын электрондық-механикалық құрылғы;
Toggle Dropdown
6) банк құндылықтарының сақталуына жауапты лауазымды адамдар – банктің (банк филиалының) бірінші басшысы не банк (банк филиалының) басшысының бұйрығымен арнайы тағайындалған лауазымды адам, банктің (банк филиалының) бас бухгалтері не бас бухгалтерінің орынбасары және банк (банк филиалы) кассасының меңгерушісі, не банк (банк филиалы) кассасы меңгерушісінің орнындағы адам;
Toggle Dropdown
7) валюталық құндылықтар – қолма-қол шетел валютасы, төлем құжаттары, номиналы және (немесе) құны шетел валютасындағы бағалы қағаздар;
Toggle Dropdown
8) инкассация – қолма-қол ақшаны және басқа құндылықтарды қабылдау, жинау, жеткізу, алып бару, тасымалдау, сақтау және өткізу;
Toggle Dropdown
9) касса – ақшаны және басқа да құндылықтарды сақтау, қабылдау және беру үшiн арнайы жабдықталған үй-жай;
Toggle Dropdown
10) касса кiтабы (касса журналы) – құндылықтармен жасалған операция көрсетiлетін, олардың түсуi мен берiлуi есепке алынатын есеп жүргiзу ведомостары;
Toggle Dropdown
11) касса құжаты – ақша құжаты (кiрiстiк касса ордерi, шығыстық касса ордерi, қолма-қол ақшамен жарна төлеу жөнiнде хабарландыру, чек, төлем ведомосы), сол бойынша құндылықтарды қабылдау және төлеу жөнiндегi касса операциясы жасалады және ресiмделедi;
Toggle Dropdown
12) касса операциялары – құндылықтарды қабылдау, санап алу, айырбастау, беру, iрiктеу, буып-түю және сақтау;
Toggle Dropdown
13) кешкi касса – жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн банк клиенттерiнен және бөлiмшелерiнен қолма-қол ақшаны қабылдап және санап алатын банк кассасы;
Toggle Dropdown
14) корреспондент банктер – Қазақстан Республикасы банктерiнiң корреспонденттiк шоттары ашылған және тиiстi келiсiмдер жасаған банктерi;
Toggle Dropdown
15) кiрiс кассасы – операция кезiнде банктiң клиенттерiнен қолма-қол ақшаны қабылдап алатын банк кассасы;
Toggle Dropdown
16) қолма-қол ақша – айналымда жүрген және тиiстi мемлекетте немесе мемлекеттердiң бiр тобында заңды төлем құралы болып табылатын банкнот және металл ақша түрiндегi ақша белгiлерi, сондай-ақ айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ айырбасталуға тиiстi ақша белгiлерi;
Toggle Dropdown
17) құндылықтар – валюталық құндылықтар, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары және монеталары, бағалы қағаздар, және қатаң есептегi бланктер, қымбат металдар, олардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ айналыстан шығарылып тасталған қымбат металдардан жасалған монеталар, және бағалы заттар;
Toggle Dropdown
18) операциялық касса – банктiң барлық операциялар бойынша клиенттерге қызмет көрсететiн банк кассасы;