• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 252 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 қазанда № 7985 тіркелді

Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2019 жылғы № 231 Қаулысына сәйкес  
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулыда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидалары бекітілсін және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидалары»;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпы ережелер»;
1-тарауда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-параграф. Банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы кассалық операциялар және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операциялар»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу тәртібін, сондай-ақ қолма-қол ақшаны, басқа да құндылықтарды сақтауды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктерде, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда, олардың филиалдарында (бұдан әрі – банктер) касса тәртібінің сақталуына бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті талаптарды белгілейді.
Осы Қағидалардың нормалары қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын уәкілетті ұйымдарға қолданылмайды.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бір касса қызметкерінің клиенттерге касса қызметін көрсетуді жүзеге асыруынан басқа, банктердің және Ұлттық почта операторының кассаларында қолма-қол ақша қабылдау және беру операцияларын және қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоса атқаруына және орындауына жол беріледі.»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Кассалық торап «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 56 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4817 тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес жобалануға және жасалуға тиiс.
9. Банктердің кассалық және басқа да банк операцияларын жүргiзу үшiн банк орналасқан жерден басқа жерлерде Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес филиалдар, филиалдардың қосымша үй-жайларын ашуына жол беріледі.»;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-параграф. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Ережеде қолданылатын ұғымдар мынаны бiлдiредi:
1) автоматтандырылған касса – автоматтандырылған басқару құрылғыларын және бағдарламалық қамтамасыз ету пайдалана отырып қолма-қол ақшаны қабылдау, сақтау және беру бойынша электрондық-механикалық жабдық;
2) арнайы байланыс – арнайы жөнелтілімдерді (тіркеу пакеттері, жіберілімдер және мемлекеттік құпиялардан тұратын және олардың тасымалдағыштары бар тиісті бумадағы метиздер), сондай-ақ басқа да жөнелтілімдерді қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу (тапсыру);
3) банк клиентi – банк қызметiн пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
4) банкноттар, монеталар – айналымда жүрген құны және түрi әртүрлi ақша белгiлерi;
5) банкомат – төлем карточкасын ұстаушыларға қолма-қол ақша алуға және төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің басқа да қызмет көрсетуін пайдалануға мүмкіндік жасайтын электрондық-механикалық құрылғы;
6) банк құндылықтарының сақталуына жауапты лауазымды адамдар – банктің (банк филиалының) бірінші басшысы не банк (банк филиалының) басшысының бұйрығымен арнайы тағайындалған лауазымды адам, банктің (банк филиалының) бас бухгалтері не бас бухгалтерінің орынбасары және банк (банк филиалы) кассасының меңгерушісі, не банк (банк филиалы) кассасы меңгерушісінің орнындағы адам;
7) валюталық құндылықтар – қолма-қол шетел валютасы, төлем құжаттары, номиналы және (немесе) құны шетел валютасындағы бағалы қағаздар;
8) инкассация – қолма-қол ақшаны және басқа құндылықтарды қабылдау, жинау, жеткізу, алып бару, тасымалдау, сақтау және өткізу;
9) касса – ақшаны және басқа да құндылықтарды сақтау, қабылдау және беру үшiн арнайы жабдықталған үй-жай;
10) касса кiтабы (касса журналы) – құндылықтармен жасалған операция көрсетiлетін, олардың түсуi мен берiлуi есепке алынатын есеп жүргiзу ведомостары;
11) касса құжаты – ақша құжаты (кiрiстiк касса ордерi, шығыстық касса ордерi, қолма-қол ақшамен жарна төлеу жөнiнде хабарландыру, чек, төлем ведомосы), сол бойынша құндылықтарды қабылдау және төлеу жөнiндегi касса операциясы жасалады және ресiмделедi;
12) касса операциялары – құндылықтарды қабылдау, санап алу, айырбастау, беру, iрiктеу, буып-түю және сақтау;
13) кешкi касса – жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн банк клиенттерiнен және бөлiмшелерiнен қолма-қол ақшаны қабылдап және санап алатын банк кассасы;
14) корреспондент банктер – Қазақстан Республикасы банктерiнiң корреспонденттiк шоттары ашылған және тиiстi келiсiмдер жасаған банктерi;
15) кiрiс кассасы – операция кезiнде банктiң клиенттерiнен қолма-қол ақшаны қабылдап алатын банк кассасы;
16) қолма-қол ақша – айналымда жүрген және тиiстi мемлекетте немесе мемлекеттердiң бiр тобында заңды төлем құралы болып табылатын банкнот және металл ақша түрiндегi ақша белгiлерi, сондай-ақ айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ айырбасталуға тиiстi ақша белгiлерi;
17) құндылықтар – валюталық құндылықтар, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары және монеталары, бағалы қағаздар, және қатаң есептегi бланктер, қымбат металдар, олардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ айналыстан шығарылып тасталған қымбат металдардан жасалған монеталар, және бағалы заттар;
18) операциялық касса – банктiң барлық операциялар бойынша клиенттерге қызмет көрсететiн банк кассасы;
19) санап алу кассасы – банк клиенттерiнен және бөлiмшелерiнен қабылданған қолма-қол ақшаны санап алатын, бәрiн бiр қалыпқа түсiрiп буып-түйетiн банк кассасы;
20) Ұлттық почта операторының арнайы байланыс қызметі – арнайы байланыс қызметін көрсететін және қолма-қол ақша мен құндылықтарды инкассациялау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыратын Ұлттық почта операторының құрылымдық бөлімшесі;