• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 29.11.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы N 108 Қаулысы
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Мынадай болып белгіленсін: 
1) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, сондай-ақ олармен бірге жүретін адамдар (Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының жұбайлары), Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлері (күзетілетін тұлғамен бірге жүргенде) шетелге жол жүрген кезде шетелдік валютадағы көліктік шығыстары 1-сынып бойынша авиабилеттің құны мөлшерінде өтеледі; 
2) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының шетелдегі төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары тұрақты комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі қызмет бабындағы істер бойынша шетелге жол жүрген кезде көліктік шығыстар шетелдік валютада "Бизнес" сыныпты авиабилеттің құны мөлшерінде өтеледі; 
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасының делегациялары арнайы рейстермен шетелге шыққан кезде авиатасымалдаушыға арнайы рейстердің шығыстары өтеледі; 
4) мемлекеттік органдардың басқа лауазымды тұлғалары қызмет бабындағы істер бойынша шетелге жол жүрген кезде көліктік шығыстар шетелдік валютада "Экономикалық" сыныпты авиабилеттің құны мөлшерінде өтеледі.
2. Мыналар бекітілсін: 
1) шетелде қысқа мерзімді іссапарларда жүрген қызметкерлердің тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарын өтеудің нормалары (тәулігіне бір адамға): 
осы қаулының 1-тармағының                   іс жүзіндегі шығындар 
1) тармақшасында көрсетілген лауазымды      бойынша   тұлғалар үшін, Қазақстан Республикасы Президентінің        іс жүзіндегі шығындар 
Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің        бойынша (бірақ бес   басшыларын, Қазақстан Республикасының       жұлдызды қонақ үйдің бір 
Президенті тағайындайтын орталық            орынды нөмірінің құнынан   мемлекеттік органдар басшыларының           аспайды)   орынбасарларын, Қазақстан Республикасының