Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы N 108 Қаулысы
Редакция 24.11.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мынадай болып белгіленсін:
1) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, сондай-ақ олармен бірге жүретін адамдар (Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының жұбайлары), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері (күзетілетін тұлғамен бірге жүргенде) шетелге жол жүрген кезде шетелдік валютадағы көліктік шығыстары 1-сынып бойынша авиабилеттің құны мөлшерінде өтеледі;
2) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының шетелдегі төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары тұрақты комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасарлары, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі қызмет бабындағы істер бойынша шетелге жол жүрген кезде көліктік шығыстар шетелдік валютада «Бизнес» сыныпты авиабилеттің құны мөлшерінде өтеледі;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасының делегациялары арнайы рейстермен шетелге шыққан кезде авиатасымалдаушыға арнайы рейстердің шығыстары өтеледі;
4) басқа мемлекеттiк қызметшілер қызмет бабындағы iстер бойынша шетелге жол жүрген кезде көлiктiк шығыстар шетелдiк валютада «Экономикалық» сыныпты авиабилеттiң құны мөлшерiнде өтеледi.
1) шетелде қысқа мерзімді іссапарларда жүрген қызметкерлердің тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарын өтеудің нормалары (тәулігіне бір адамға):
1-1) құзыретіне Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық төреліктерде, шетелдік соттарда және шетелдік мемлекеттік органдарда қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа қатысу кіретін мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының үздіксіз ұзақтығы 41 күннен 180 күнге дейін ұзақ мерзімді қызметтік шетелдік іссапарларға стандарт сыныптамасы бойынша қонақ үйдің бір орындық нөмірінің құнына 0,5 коэффициентін есепке ала отырып, тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормалары (тәулігіне бір адамға) қолданылады;
2) АҚШ долларымен және евромен шет елде қысқа мерзімді іссапарларда жүрген қызметкерлердің тәуліктік шығыстарын өтеудің нормалары және қонақ үй бөлмелерін жалдау жөніндегі шығыстарды өтеудің шекті нормалары:
3) осы қаулының 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәуліктік шығыстарды өтеудің нормалары осы қаулының 2-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген лауазымды тұлғалардың ұзақ мерзімді қызметтік шетелдік іссапарларына да қатысты қолданылады.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 6 ақпандағы
N 108 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы N 148 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы N 456 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 20, 203-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы N 148 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 72 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 2, 37-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы N 148 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қарашадағы N 1140 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 44, 549-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы N 148 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 шілдедегі N 705 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 28, 355-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 және 2003 жылғы 11 ақпандағы N 148 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 тамыздағы N 745 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 29, 315-құжат).