• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 қыркүйектегі N 936 қаулысы

Редакция 30.06.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 6 қыркүйектегі
 N 936 қаулысымен
 бекiтілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 20.07.2009 № 1102 Қаулысымен (14.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
2. "Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектiлерiнiң қызметін бақылауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы N 23 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 8-құжат): 
2-тармақта "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгімен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігiмен (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын. 
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 19.09.2009 № 1411 Қаулысымен. (20.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
4. "2001 жылғы 4 сәуiрде Вильнюс қаласында (Литва Республикасы) Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық қазақстан-литва комиссиясының екiншi мәжiлiсi барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 839 қаулысына: 
3-тармақта "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2001 жылғы 4 сәуiрде Вильнюс қаласында (Литва Республикасы) Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық қазақстан-литва комиссиясының екiншi мәжiлiсi барысында қол жеткізілген келiсiмдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспарында: 
"Орындалуына жауаптылар" деген бағанда: 
реттік нөмiрi 2-жолда: 
1), 2) тармақшалардағы "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi", "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі", "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 
3) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінiң Кеден комитетi, Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігi, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігi (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
реттiк нөмiрi 3-жолдағы "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды peттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
реттiк нөмiрi 7-жолдағы "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестіктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттігі, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегi агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
реттiк нөмiрi 10-жолдағы "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнің Кеден комитетi, Қаржы полициясы агенттiгi, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестіктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттігі" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгі, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгi (қаржы полициясы), Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 14.03.2009. № 327 Қаулысымен. (05.05.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 30.06.2011 № 742 Қаулысымен. (19.09.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 05.05.2006 № 371 қаулысымен (06.09.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі)
8. "Зияткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі ынтымақтастық туралы келiсiмдi орындауға жауапты мемлекеттік органдардың тiзбесiн белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 13 қарашадағы N 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 43, 465-құжат): 
1-тармақта "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігі (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын.