• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 29.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 676 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 50) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 20 маусымдағы
 № 676 қаулысымен
 бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары
1. Жалпы ережелер
1. Осы азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен  қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары  (бұдан әрі - сертификаттау талаптары) «Қазақстан Республикасының әуе  кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан  Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және  азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету  жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарын айқындайды.
2. Жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйым (бұдан әрі - ЖЖМҚҰ) өз қызметін дербес заңды тұлға ретінде немесе азаматтық авиация ұйымының құрамында жүзеге асырады.
3. ЖЖМҚҰ мынадай жұмыстарды:
1) әуежайдың қоймаларына жанар-жағармай материалдарын және арнайы сұйықтықтарды (бұдан әрі - ЖЖМ) қабылдауды;
2) ЖЖМ-ді сақтауды;
3) ЖЖМ-ді құюға дайындауды және беруді;
4) ЖЖМ-ді азаматтық әуе кемелеріне құюды жүзеге асырады. ЖЖМҚҰ көрсетілген жұмыстардың барлық кешенін де, олардың бір бөлігін де жүзеге асырады. ЖЖМҚҰ көрсетілген жұмыстардың бір бөлігін жүзеге асырған жағдайда, ЖЖМҚҰ азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі сертификаты (бұдан әрі - сертификат) бар ұйымдарды тартады.
4. ЖЖМҚҮ-ның қызметі:
1) ЖЖМ-ді беру процесінде оның сапа көрсеткіштерінің өзгергенін анықтау және қолдануға дайындау мақсатында, сондай-ақ әуе кемелеріне құюға ЖЖМ-нің жарамдылығын бағалау мақсатында азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етудің тиісті кезеңдерінде ЖЖМ-нің сапасына бақылау жүргізілуін ұйымдастыруды;
2) азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету кезінде экологиялық нормалардың, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі нормаларының орындалуын қамтамасыз етуді;
3) әуежай қызметтерімен, пайдаланушылармен, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу ұйымдарымен, сондай-ақ басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруды қамтиды.
5. Сапаны зертханалық бақылауды жүзеге асыру үшін ЖЖМҚҰ өзінің құрылымында ЖЖМ зертханасын құрады немесе сертификаты және өзінің құрылымында ЖЖМ зертханасы бар ұйымдарды тартады.
ЖЖМ зертханасының аккредиттеу жөніндегі орган берген зертхананы аккредиттеу аттестаты болады.
6. Егер ЖЖМ беруге арналған шарттар пайдаланушымен (аваикомпаниямен) дербес жасалған болса, ЖЖМҚҰ мамандары берілетін ЖЖМ-нің стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкес келетінін, белгіленген тәртіппен қолдануға жіберілгенін және әуе кемелерінің тиісті үлгілерін ұшуға пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегі басшылықтың тиісті бөлімдеріне енгізілгенін куәландырады.
2. Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдардың ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар
7. ЖЖМҚҰ құрылымы мынадай негізгі міндеттердің шешілуін:
1) азаматтық әуе кемелерін ЖЖМ-мен қамтамасыз етуді;
2) осы сертификаттау талаптарында белгіленген талаптардың деңгейінде ЖЖМҚҰ-ның қызметін қолдауды;
3) құрылыстарға, технологиялық жабдықтарға және техникалық құралдарға техникалық қызмет көрсетуді;
4) жабдықтармен, қосалқы бөлшектермен, шығыс материалдарымен жинақтауды қамтамасыз етеді.
8. ЖЖМҚҰ-ның ұйымдық құрылымы мынадай басқару деңгейлерінен тұрады:
1) басшылық жасау;
2) өндірістік бөлімшелерге басшылық жасау;
3) өндірістік учаскелерге, ауысымдарға, бригадаларға, топтарға басшылық жасау.
Жұмыс көлемі шағын ЖЖМҚҰ-да басқарудың кейбір деңгейлері біріктірілуі мүмкін.
9. ЖЖМҚҰ-ның басшы персоналы:
1) азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды;
2) ЖЖМ сапасын бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз етеді.
10. ЖЖСҚҰ құрылымдық бөлімшелерінің барлығы үшін ережелерді ЖЖМҚҰ әзірлейді және бекітеді. Көрсетілген ережелерде жиынтығында тұтастай алғанда ЖЖМҚҰ іске асыратын функциялардың толық кешенін қамтитын әрбір бөлімшенің және оның басшысының функциялары көрсетіледі.
11. Бүкіл басшыға және инженерлік-техникалық персоналға ЖЖМҚҰ-ның бірінші басшысы лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді.
3. Жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның ақпараттық және құжаттамалық базасына қойылатын талаптар
12. ЖЖМҚҰ-ның өз құзырында:
1) «Қазақстан Республикасын әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын;
2) ЖЖМҚҰ қызметін реттейтін актілерді;
3) өз қызметінде пайдаланатын ЖЖМ-нің стандарттары мен техникалық шарттарын;
4) жалпы және өкімдік сипаттағы құжаттарды, лауазымдық және  технологиялық нұсқаулықтарды (карталар), техникалық қызмет көрсету  регламентін;
5) жұмыс технологиясын;
6) жанар-жағармай материалдарының сапасын қамтамасыз ету жөніндегі басшылықты қамтитын құжаттама жиынтығының болуын қамтамасыз етеді.
13. ЖЖМҚҰ азаматтық әуе кемелерін ЖЖМ-мен қамтамасыз ету үшін жабдықтардың барлық түрлеріне құжаттаманың мазмұны мен жүргізілуін қамтамасыз етеді.
14. ЖЖМҚҰ: