Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Отправить по почте
"Азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 676 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1767 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 676 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 42, 548-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдарға қойылатын талаптар бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдарға қойылатын талаптар.»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдарға қойылатын талаптар (бұдан әрi – талаптар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдарға қойылатын талаптарды айқындайды.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«ЖЖМҚҰ көрсетiлген жұмыстардың бiр бөлiгiн жүзеге асырған жағдайда, онда ЖЖМҚҰ осы талаптарға сәйкес келетін ұйымдарды тартады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сапаның зертханалық бақылауын жүзеге асыру үшiн ЖЖМҚҰ өз құрылымында ЖЖМ зертханасын құрады немесе осы талаптарға сәйкес келетін зертханаларды тартады.»;
6-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы талаптарда белгiленген талаптар деңгейiнде ЖЖМҚҰ-ның қызметiн қолдауды;»;
3) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3) технологиялық жабдықтың нақты даналарының жұмыс iстеуiн және техникалық жай-күйiн, жабдыққа арналған қондырғыларды және одан жинақтаушы және басқа да бұйымдардың алып тасталуын, жүргiзiлген жөндеулердi, кезеңдiк техникалық қызмет көрсету мен бiр реттiк тексерiп қарауды есепке алуды жүзеге асырады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Есепке алу нысандары «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың, құюға беруге дайындаудың және олардың сапасына бақылау жүргізудің қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 796 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтарды сақтау, құюға дайындау және олардың сапасына бақылау жүргiзу қағидаларында (бұдан әрі – Сақтау қағидалары) белгiленген журналдарда жүзеге асырылады.»;
23-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
38-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«38. ЖЖМ резервуарларға түскеннен кейiн Сақтау қағидаларының 10-тармағына сәйкес белгіленетін мерзім ішінде, оның тұндырылуы қамтамасыз етіледі.»;
40-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«ЖЖМ зертханасы көрсетiлген жұмыстардың барлық кешенiн де және оның бiр бөлiгiн де орындайды. ЖЖМ зертханасы көрсетiлген жұмыстардың бiр бөлiгiн жүзеге асырған жағдайда, ЖЖМҚҰ осы талаптарға сәйкес келетін зертханасы бар ұйымдарды тартады.»;
53-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«53. ЖЖМҚҰ ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей байланысты мынадай қызметкерлердi аттестаттауды қамтамасыз етедi:».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов