• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 желтоқсандағы N 1337 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 желтоқсандағы N 1337 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қыркүйектегі N 800 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі Техникалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 желтоқсандағы N 1337  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 
1-тармақта "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Әбсеметұлы Құсайыновқа" деген сөздермен ауыстырылсын. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі