• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 30.07.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
«Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 Қаулысы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте:
9 және 15-тармақтарда «Техникалық регламентке 3-қосымшаға сәйкес» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
Техникалық регламентке 3-қосымша алып тасталсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.09.2010 № 977 Қаулысымен (01.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 1 наурыздағы
 № 153 қаулысымен
 бекітілген
«Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы «Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) техникалық реттеу объектілері болып табылатын бензиннің (КО СЭК ТН коды 2710 11 410 0 - 2710 11 490 0), дизель отынының (КО СЭК ТН коды 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0) және мазуттың (КО СЭК ТН коды 2710 19 6101 - 2710 19 6909) қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.09.2010 № 977 Қаулысымен (01.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Сипаттамасы Техникалық регламентте белгіленген сипаттамалардан өзгеше, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс бойынша мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жеткізілетін бензинді, дизель отынын және мазутты (бұдан әрі - отын) айналымға шығаруға және оның айналымына рұқсат беріледі.
3. Отынның тіршілік циклі үдерісінде мұқият болуға тиіс негізгі қауіпті факторлар (тәуекелдер) мыналар:
1) отынды өндіру, қолдану, тасымалдау, орау және сақтау кезінде отты ұқыпсыз қолдану;
2) көзге тиюі, ас қорыту жүйесіне түскенде, адамның шырышты қабықшасына және терісіне тиіп кету;
3) орамының дұрыс жабылмауы және отынның төгіліп кетуі;
4) қоршаған ортаның, жабдықтар бетінің температурасының жоғарылауы немесе төмендеуі;
5) жылудың артық мөлшері бөлінетін қауіпті пайдалану үдерістері;
6) отынды басқа сұйықтықтармен араластыру болып табылады.
2. Терминдер мен анықтамалар
4. Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы » 2004 жылғы 9 қарашадағы, «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы » 2003 жылғы 7 сәуірдегі заңдарына сәйкес терминдер мен анықтамалар сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:
бензин - ұшқын арқылы оталатын іштен жану қозғалтқыштарына арналған, оның ішінде қосымдары бар сұйық отын;
дизель отыны - сығылудан болатын отын-ауа қоспасының тұтануымен қозғалтқыштарда пайдалануға арналған, оның ішінде қосымдары бар сұйық отын;
мазут - құрамында осы өнімді қара түске бояйтын асфальтендер бар, қалдық құрамдастарды қамтитын мұнай өнімі;
мұнай өнімі - құрамында көмірсутектері бар шикізатты өңдеу кезінде алынған өнім;
октандық сан - ұшқын арқылы оталатын қозғалтқыштарға арналған отынның детонациялық тұрақтылығын сипаттайтын шартты шкала бойынша көрсеткіш;
отынның маркасы - құрамы мен қасиеті, әріптік және циферлық белгіленуі нормативтік құжатпен реттелген бензин, дизель отыны немесе мазут,        отын партиясы - сапасы туралы бір құжатпен бірге жүретін, отын сапасының өз көрсеткіштері бойынша біртекті отынның кез келген мөлшері;
сұйық отын - көмірсутектердің химиялық энергиясын жылу энергиясына айналдыру жолымен энергетикалық қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдаланылатын мұнайдан немесе синтетикалық жолмен алынған сұйықтықтар;
цетандық сан - стандарттық жағдайларда дизель отынының тұтанғыштығын сипаттайтын шартты шкала бойынша көрсеткіш;
экологиялық сынып - 2, 3, 4 - шығарындыларын деңгейіне байланысты автомобиль техникасын сипаттайтын сыныптау коды.
3. Нарықта орналастыру шарттары
5. Отынның Қазақстан Республикасының нарығындағы айналымына қажетті шарт Техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкестік болып табылады.
6. Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі расталмаған отын отынға сәйкестік белгілерімен таңбаланбауы тиіс және нарықта орналастыруға рұқсат етілмейді.
7. Дайындаушы (сатушы) отынның ілеспе құжаттарында, оған арналған паспортта және оның жарнамасында отынның таңбасын және оған арналған автомобиль техникасының экологиялық сыныбын көрсетуі тиіс.
8. Отынды сату кезінде сатушы сатып алушының талап етуі бойынша оған кәсіпорынның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам қол қойған, мөрмен куәландырылған отынның сапасы туралы паспортты және төменде келтірілген мәліметтері бар басқа құжаттарды беруі, сондай-ақ отынның сапасын белгіленген тәртіппен аккредиттелген зертханада (орталықта) сынақ жүргізу арқылы расталуға тиіс:
1) отынның атауы мен маркасы, оның нысаналы мақсаты;
2) шығарушының және оның уәкілетті өкілінің атауы, орналасқан жері, отынның шығарылған елі, сатушының атауы және орналасқан жері (мекен-жайы, телефоны);
3) сатуға жеткізілген отын партиясының нөмірі;
4) ыдыстағы отынның таза салмағы;
5) сәйкестік сертификаты туралы мәліметтер немесе сәйкестік туралы декларациялар;
6) отынға қосылған қосымдардың (атауы, құрамы және қасиеттері) бар екендігі туралы немесе қосымдардың жоқтығы туралы мәліметтер;
7) отынды қауіпсіз сақтау, тасымалдау, сату, қолдану және кәдеге жарату жөніндегі мәліметтер;
8) манипуляциялық белгілер туралы мәліметтер.
9. Айналымдағы отынның әрбір партиясының паспорты болуы тиіс. Дайындаушы немесе сатушы беретін (сатуға дайын өнімді сақтауды жүзеге асыратын кәсіпорындарда) отын паспорты отынның атауы мен маркасын, отынды дайындаушының (сатушының) мекен жайын қоса алғанда, ол туралы мәліметтерді отынның осы түрі үшін осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін нормаларды, қоса алғанда, сынақтардың нәтижелері бойынша белгіленген сол сипаттамалардың нақты мәндерін, сол сынама алынған резервуар нөмірін (партия нөмірін), отынның дайындалу мерзімі туралы мәліметтерді қамтиды.
Паспортқа кәсіпорынның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам қол қояды және мөрмен куәландырылады.
4. Отынның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар