«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
«Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкiметiнiң 30.07.2012 № 1004 Қаулысымен (03.11.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(31.12.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте:
9 және 15-тармақтарда «Техникалық регламентке 3-қосымшаға сәйкес» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
Техникалық регламентке 3-қосымша алып тасталсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.09.2010 № 977 Қаулысымен (01.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 қаулысымен бекітілген
«Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Техникалық регламенттің күшін жойды ҚР Үкiметiнiң 30.07.2012 № 1004 Қаулысымен (03.11.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(31.12.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)