Bestprofi Logo

Қаулы № 977 от 2010-09-24г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 және 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 қаулыларына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 және 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 қаулыларына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 977 Қаулысы

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте:

6, 7, 8-тармақтардағы «Еуро-2 экологиялық кезеңінде», «Еуро-3 экологиялық кезеңінде», «Еуро-4 экологиялық кезеңінде» деген сөздер тиісінше «2-экологиялық кезеңде», «3-экологиялық кезеңде», «4-экологиялық кезеңде» деген сөздермен, 14 және 15-тармақтардағы «Еуро-2 экологиялық кезеңі», «Еуро-3 экологиялық кезеңі», «Еуро-4 экологиялық кезеңі» деген сөздер тиісінше «2-экологиялық кезең», «3-экологиялық кезең», «4-экологиялық кезең» деген сөздермен, 16-тармақтағы «Еуро-2 экологиялық кезеңінің» деген сөздер «2-экологиялық кезеңнің» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:

«17. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, бұрын пайдаланылған автокөлік құралдарының 3-экологиялық кезеңнің талаптарына сәйкестігін растау Техникалық регламентке 5-қосымша ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;

тақырыбындағы «Еуро-2 экологиялық кезеңі» деген сөздер «2-экологиялық кезең» деген сөздермен ауыстырылсын;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание