Toggle Dropdown
2
Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы N 1070 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 30.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасы бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы 2011 жылғы 27 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасының 9-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 қазандағы
№ 1070 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
4
Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасы
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1
1. Осы Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 ж.) 6-қосымшасына сәйкес әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидада коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларын сертификаттау, оларға пайдаланушы сертификатын (бұдан әрі – пайдаланушы сертификаты) беру, тоқтата тұру және қайтарып алу тәртібі айқындалады.
Toggle Dropdown
3. Пайдаланушы сертификаты қолданылу саласы мен мерзімі көрсетіліп, 2 жыл мерзімге беріледі және басқа тұлғаға беруге жатпайды.
Toggle Dropdown
4. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын алғаш рет алған Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркеледі, онда оған үш әріптік код пен телефонның шартты түрде шақыру белгісі беріледі. Тіркеу азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) сұрау жіберуі арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
5. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
6. Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) өтінім – өтініш берушінің сертификаттау рәсімдерінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініші;
Toggle Dropdown
2) өтініш беруші – азаматтық әуе кемесін пайдаланушының сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
Toggle Dropdown
3) сертификаттық тексеру – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын өтінім берушінің құралдарын, жабдықтарын, пайдалану рәсімдерін, технологиялық процестерін, құжаттамасын, ұйымдық құрылымын, әкімшілік, ұшу және жер бетіндегі персоналының құзыретін сертификаттау талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру;
Toggle Dropdown
4) сертификаттау талаптары – азаматтық авиацияны сертификаттау саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптар;
Toggle Dropdown
5) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау – өзінің міндеттерін орындау кезінде пайдалану персоналының пайдалануы үшін қағидаларды, нұсқаулықтар мен ұсынымдарды қамтитын құжат;
Toggle Dropdown
6) техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы – осы пайдаланушының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстардың бәрінің уақтылы және қанағаттанарлықтай түрде орындалуын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдаланушы рәсімдерінің сипаттамасын қамтитын құжат;
Toggle Dropdown
7) техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент) – Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жоспарлы жұмыстар мен рәсімдердің сипатын, кезеңділігін қамтитын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжат.
Toggle Dropdown
2. Сертификаттау тәртібі
Toggle Dropdown
7. Сертификаттау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
1) өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға құжаттармен бірге өтінім береді;
Toggle Dropdown
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтінім бойынша алдын ала бағалайды және шешім қабылдайды;
Toggle Dropdown
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттық тексеру жүргізеді;
Toggle Dropdown
4) шешім қабылданады және пайдаланушы сертификаты беріледі (беруден бас тартылады);
Toggle Dropdown
8. Пайдаланушы сертификатын алғаш рет алуға өтінім коммерциялық әуе тасымалын жүзеге асыруды бастаудың жоспарланған күніне дейін күнтізбелік 60 күн бұрын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Toggle Dropdown
Кейінгі сертификаттау кезінде өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға пайдаланушы сертификатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін не коммерциялық әуе тасымалын жүзеге асыруды бастаудың жоспарланған күніне дейін күнтізбелік 30 күн бұрын өзгерістер мен жаңартулар орын алған азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттармен бірге өтінім береді.
Toggle Dropdown
9. Сертификаттау мен пайдаланушы сертификатын беру жалпы мерзімі 2 (екі) айдан аспайды.
Toggle Dropdown
3. Өтінім беру, алдын ала бағалау және өтінім бойынша шешім қабылдау
Toggle Dropdown
10. Өтінім беруші осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінім жібереді.
Toggle Dropdown
Өтінімге осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар қоса берілді.
Toggle Dropdown
11. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарайды және олар бойынша күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес тиісті шешім қабылдайды, ол туралы өтінім берушіге хабарлайды.
Toggle Dropdown
12. Өтінімді және құжаттарды алдын ала бағалау өтініш берушінің құжаттарында ұсынылған рәсімдермен және әдістермен жалпы танысуды және олардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 319 қаулысымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкестігін тексеруді қамтиды.
Toggle Dropdown
Бұл ретте мынадай мәселелер қаралады:
Toggle Dropdown
1) басқарудың ұйымдық құрылымы және негізгі қағидаттары;
Toggle Dropdown
2) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес ұшуды ұйымдастыру мен қамтамасыз етудегі басшы құрамның тәжірибесі, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты басшы құрам мен мамандар бойынша деректердің болуы;
Toggle Dropdown
3) штатының жинақталуы және авиация персоналының даярлық дәрежесі;
Toggle Dropdown
4) өтініш берушінің басқа ұйымдармен әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге, сондай-ақ авиация персоналын оқытуға жасасқан келісімдерінің болуы;
Toggle Dropdown
5) әуе кемелерін экипажымен немесе экипажсыз (мұндай болған жағдайда) жалға алу келісімдерінің (шарттарының) болуы;
Toggle Dropdown
6) әуе кемелерін ұшуда, техникалық пайдалану, ұшуларды орындауды қамтамасыз ету және авиация персоналы үшін қажетті ғимараттар мен құрылыстардың болуы;
Toggle Dropdown
7) осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаудың болуы және оның мазмұны;
Toggle Dropdown
8) осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушы нұсқауының болуы және оның мазмұны;
Toggle Dropdown
9) ұсынылатын әуе тасымалдарының көлемін, әуе кемелерінің үлгісін, басқару және басшылық ету әдістерін, өтінім берушінің басшы орындарындағы мамандардың құқықтары мен міндеттерін бағалау;
Toggle Dropdown
10) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламаларының (регламенттердің) болуы және мазмұны;
Toggle Dropdown
11) өтінім бойынша шешім қабылдау.