Toggle Dropdown
2
Сот сараптамасы қызметін лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы N 504 Қаулысы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы, " Сот сараптамасы туралы " 1997 жылғы 12 қарашадағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Сот сараптамасы қызметін лицензиялау ережесі;
Toggle Dropdown
2) Сот сараптамасы қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау тәртібін және Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазандағы N 1021 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 35, 322-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
1-тармақтың екінші абзацы және 2-тармақ алынып тасталсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 18 маусымдағы
N 504 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Сот сараптамасы қызметін лицензиялау ережесі 1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы, " Сот сараптамасы туралы " 1997 жылғы 12 қарашадағы заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және сот сараптамасы қызметін жүзеге асыруға лицензиялар беру тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Сот сараптамасы қызметін лицензиялауды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - лицензиар) осы қызмет түрін мемлекеттік реттеу мақсатында жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Лицензия лицензиар бекіткен Сарапшы мамандықтары тізбесіне сәйкес сот сараптамасы зерттеуінің белгілі бір түріне беріледі.
Toggle Dropdown
4. Лицензиялық құжаттарды, берілген лицензиялардың көшірмелерін есепке алу мен сақтауды және оларды тіркеуді лицензиар жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
5. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған адамдар Сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
Toggle Dropdown
2. Лицензияны беру тәртібі
Toggle Dropdown
6. Сот сараптамасы қызметін жүзеге асыруға лицензия біліктілік талаптарына жауап беретін жеке тұлғаға беріледі.
Toggle Dropdown
7. Лицензиат лицензия алар алдында біліктілік емтихандарын тапсыруға міндетті.
Toggle Dropdown
8. Біліктілік емтихандарын тапсыру тәртібі, сондай-ақ сарапшыларды аттестаттаудан өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген Ережемен айқындалады.
Toggle Dropdown
9. Сот сараптамасы қызметін жүзеге асыруға лицензия беру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы сот сараптамасы қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
10. Сот сараптамасы қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның құрамына лицензиардың және Қазақстан Республикасы сот сараптамасы органдарының өкілдері енгізіледі.
Toggle Dropdown
11. Комиссияның жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген Сот сараптамасы қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы ережемен реттеледі.
Toggle Dropdown
12. Лицензия алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды:
Toggle Dropdown
1) өтінішті;
Toggle Dropdown
2) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
Toggle Dropdown
3) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
Toggle Dropdown
4) қызметтің осы түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
Toggle Dropdown
5) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
Toggle Dropdown
13. Лицензиар он күн мерзімде лицензияны береді не лицензия беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап береді.
Toggle Dropdown
14. Егер:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
Toggle Dropdown
2) Заңға сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негізде қаралады;
Toggle Dropdown
3) лицензиялық алым енгізілмеген;
Toggle Dropdown
4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
Toggle Dropdown
5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
15. Егер:
Toggle Dropdown
1) лицензия алып қойылғанда;
Toggle Dropdown
2) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда;
Toggle Dropdown
3) лицензия лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;
Toggle Dropdown
4) осы қызмет түрі лицензияланатындардың тізбесінен алып тасталғанда;
Toggle Dropdown
5) заңнамада көзделген өзге де жағдайларда лицензияның қолданылуы тоқтатылады.
Toggle Dropdown
16. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.
Toggle Dropdown
17. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 18 маусымдағы
N 504 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Сот сараптамасы қызметіне қойылатын біліктілік талаптары
Toggle Dropdown
Сот сараптамасы қызметімен айналысу құқығына лицензия алуға өтініш берген жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
Toggle Dropdown
1) жоғары білімінің;
Toggle Dropdown
2) кемінде бес жыл сарапшылық жұмыс өтілінің;
Toggle Dropdown
3) мынадай пәндерден: қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасының, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі ережелері; криминалистика; сот сараптамасының құқықтық, ғылыми, ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері; сараптаманың нақты түрінің ғылыми-әдістемелік негіздері; сот сараптамасы қызметін ақпараттандыру негіздері бойынша біліктілік емтихандарын тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің;
Toggle Dropdown
3) "Сот сараптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 қарашадағы N 1414 қаулысымен бекітілген Сот сараптамасы өндірісі жүзеге асырылатын арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарда көзделген арнайы жабдықтардың болуы болып табылады.