«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Сот-сараптама қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1454 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 291 Қаулысына сәйкес
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметін жүзеге асыру жөніндегі лицензиар ретінде белгіленсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 511 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 296-құжат);
2) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесін және сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1258 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 60, 856-құжат).
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1454 қаулысымен бекітілген
Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Р/с № | Біліктілік талаптары | Құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
Жеке тұлғалар үшін | |||
1. | Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы | Мәліметтер ЖТ МДҚ-да тексеріледі | |
2. | Жоғары білімінің болуы | Жоғары білім туралы дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болса – дипломдардың көшірмесі) | |
3. | Мынадай пәндерден: «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, криминалистика, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу құқығы, әкімшілік құқық және сараптаманың нақты түрлерінің ғылыми-әдістемелік негіздері бойынша біліктілік емтихандарын тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің болуы | Біліктілік емтихандарын тапсырғаны туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
4. | Сот сараптамасы өндірісі жүзеге асырылатын арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарда көзделген арнайы жабдықтардың болуы | «Сот сараптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 қарашадағы № 1414 қаулысының талаптарына сәйкестігі лицензиардың тексеруімен расталады | |
5. | Жоғары білім туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы | Еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару туралы бұйрықтардың үзіндісі, не қызметтік тізім | |
6. | Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті берген соттылығының болмауы туралы анықтама немесе өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | Мәліметтерді мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің ықпалдасуы арқылы тексеру мүмкін болған жағдайда, анықтама ұсынылмайды |
7. | Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы | Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар | «Е-лицензиялау» МДҚ-мен ықпалдастырылған ҚР ДСМ дерекқорындағы мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды |