Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Осы редакция 19.02.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 584 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидалары бекітілсін.
2. «Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды шектеудің, тоқтата тұрудың немесе азайтудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 128 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 74-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 584 қаулысымен бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасында парниктік газдар шығарындыларына квота беру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) квоталанатын қондырғы операторының шоты - парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарға жатқызылған, табиғат пайдаланушылар үшін Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде ашылатын есепшоттың түрі;
2) қондырғы операторы - жұмыс істеуі парниктік газдар шығарындыларын көздейтін, Қазақстан Республикасының аумағында меншігінде немесе заңды пайдалануында қондырғысы бар заңды тұлға;
3) қондырғы паспорты - парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыратын қондырғының географиялық орналасқан жері, қызмет түрлері мен пайдаланылатын технологияның сипаттамалары, шығарындылардың базалық көлемі мен оларды есептеу әдістемесі, сондай-ақ мониторинг жоспары туралы деректерді және қондырғыларды есепке алу үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын құжат;
4) өтініш беруші - парниктік газдар шығарындыларына квота aлу үшін өтініш беретін заңды тұлға;
5) парниктік газдар шығарындыларының квотасы - парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің ұлттық жоспарының (бұдан әрі - ұлттық жоспар) қолданылу кезеңіне табиғат пайдаланушыға бөлінген реттелетін парниктік газдар шығарындыларының сандық көлемі;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |