• Мое избранное
Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 4 сәуір N 492

Редакция 11.11.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 9 желтоқсандағы N 3787 Жарлығын iске асыру және елдiң бiрыңғай ақпараттық жүйесiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Энергетика, индустрия және сауда министрлiгі Бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру жөнiндегi жұмыстар мен мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандыру процестерiн үйлестiру жөнiндегі комиссияның қорытындысын ескере отырып, 10 күн мерзiмде мынадай мәселелер: 
1) ақпараттық рынок пен бәсекелестiктi орта құру, монополияға қарсы мемлекеттiк саясат жүргiзу жолымен меншiктiң барлық нысандарының теңдiгi жағдайында ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және қолда барын пайдалану; 
2) берiлген ақпаратқа интеллектуалдық меншiктi қорғау; 
3) мемлекеттің, қоғамның, азаматтың ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 
4) азаматтардың ақпараттарды алуға арналған конституциялық құқықтарын iске асыру; 
5) ақпараттандыру жағдайларында азаматтардың құқықтарын қорғау, ақпарат және ақпараттандыру саласындағы құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылық жөнiндегi қажеттi заңдар базасы бойынша қосымша ұсыныстармен бiрге Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының жобасын пысықтасын. 
2. Жарғылық капиталында мемлекеттiң 100% қатысу үлесiмен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын. 
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен:
3-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 05.10.2000 жылғы № 1501 Қаулысына сәйкес
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.11.2016 жылғы № 696 Қаулысымен (05.10.2000 ж. редакцияны қараңыз)
Қоғам мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi құру және олардың өзара iс-қимылын ұйымдастыру жөнiндегi уәкілетті ұйым болып табылатыны белгiленсiн;  
Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды жөне оны мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн; 
оның құрамына Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң (төраға), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң (келiсiм бойынша) өкiлдерiн енгiзе отырып, Қоғамның Директорлар кеңесiн құруды қамтамасыз етсiн;  
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын;
Мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру жөнiндегi ақпараттық жүйелердi аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу ережесiн әзiрлесiн және бекiтсiн.
3-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 05.10.2000 жылғы N 1501 Қаулысына сәйкес
1) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервiнен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ-ның жарғылық қорын қалыптастыру үшiн 72 500 (жетпiс екi мың бес жүз) теңге бөлсiн; 
2) 2001 жылға арналған республикалық бюджетті iске асыру туралы қаулының жобасын әзiрлеу кезiнде мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi болып табылатынын көздесiн.
4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Кдзақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен құжаттар келiп түскен кезде бiр апта мерзiмде Қоғамды мемлекеттiк тiркеудi жүргiзсiн. 
5. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктер мен өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнің тiзбесiнде: 
"Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 160-1 - жолмен толықтырылсын:
"160-1                      "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ".
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі