Toggle Dropdown
10
Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы N 1501 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 16.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1
«Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлiк қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 4 сәуiрдегi № 492 қаулысына сәйкес және ақпараттандыру саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Toggle Dropdown
4
1. Әкiмшiлердiң мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаларды iске асыруы, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен ақпараттық жүйелердiң аппараттық және бағдарламалық қамтылымын өзге түрде сатып алуы кезiнде осындай сатып алудың мiндеттi шарты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен келiсу болып табылады деп белгiленсiн.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ) оған - "БанкНет" банкаралық және қаржылық телекоммуникациялар орталығы" жабық акционерлiк қоғамын қосу арқылы қайта ұйымдастыру туралы ұсынысы қабылдансын.
Toggle Dropdown
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мынадай шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Toggle Dropdown
1) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 21 мамырдағы N 659 қаулысына:
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктер мен өзге де мемлекеттiк органдарға берілетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестердiң тiзбесiнде:
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" бөлiмiнде реттiк нөмiрi 216-жол алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
2) "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000 жылғы 4 сәуiрдегi N 492 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 18, 188-құжат):
Toggle Dropdown
3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi, төртiншi және бесiншi абзацтармен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"Қоғам мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi құру және олардың өзара iс-қимылын ұйымдастыру жөнiндегi уәкілетті ұйым болып табылатыны белгiленсiн;";
Toggle Dropdown
"оның құрамына Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң (төраға), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң (келiсiм бойынша) өкiлдерiн енгiзе отырып, Қоғамның Директорлар кеңесiн құруды қамтамасыз етсiн;
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру жөнiндегi ақпараттық жүйелердi аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу ережесiн әзiрлесiн және бекiтсiн;";
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"3-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервiнен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ-ның жарғылық қорын қалыптастыру үшiн 72 500 (жетпiс екi мың бес жүз) теңге бөлсiн;
Toggle Dropdown
2) 2001 жылға арналған республикалық бюджетті iске асыру туралы қаулының жобасын әзiрлеу кезiнде мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi болып табылатынын көздесiн.".
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша, осы қаулыдан туындайтын өзге де iс-шараларды жүзеге асырсын.
Toggle Dropdown
6. "Мемлекеттiк қаржы жүйесiнiң ақпараттық-телекоммуникациялық қызмет көрсету орталығы жабық акционерлiк қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 шiлдедегi N 956 қаулысынының күшi жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.
Toggle Dropdown
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі