• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 10 желтоқсан N 1294

1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: 
реттік нөмірі 123-14-жолдағы "Биоген" ЖАҚ" деген сөздер "Ф.М.Мұхаметғалиев атындағы эксперименттік биология институты" ЖАҚ" деген сөздермен ауыстырылсын; 
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына: 
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-18-жолмен толықтырылсын: 
"222-18. "Ф.М.Мұхаметғалиев атындағы эксперименттік биология институты" ЖАҚ"; 
3) "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ж, 2000 ж., N 43, 513-құжат): 
көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 37-жолмен толықтырылсын: 
"37. "Ф.М.Мұхаметғалиев атындағы эксперименттік биология институты ЖАҚ (Алматы қаласы) 54 пайыз".