"Teмip жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Ұлттық темiр жол компаниясы мен ұлттық тасымалдаушылардың кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы N 1389 Қаулысы
Редакция 31.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Teмip жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы Ұлттық темiр жол компаниясы (бұдан әрi - компания) болып белгiленсiн.
2. Мыналар:
1) «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы — жүктерді тасымалдау жөніндегі;
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2014 жылғы № 1442 Қаулысымен (29.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.01.2015 жылы 8 (28486) Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) "Жолаушылар тасымалы" ашық акционерлiк қоғамы - жолаушыларды, багажды, жүк багажды және почта жөнелтiмдерiн тасымалдау жөнiндегi ұлттық тасымалдаушылар болып белгiленсiн.
3. Компания жүктерді теміржол көлігімен тасымалдаушының функцияларын 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін орындайды деп белгіленсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2011 жылғы № 1646 Қаулысымен (24.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) 3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2014 жылғы № 1442 Қаулысымен (29.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.01.2015 жылы 8 (28486) Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-1. Компанияға магистральдық темiр жол желiсiнiң берiлуiне байланысты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен компанияға магистральдық темiр жол желiсi объектiлерi орналасқан жер учаскелеріне 5 жыл мерзiмге уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығының берiлуiн қамтамасыз етсiн.
Осы Қаулы 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 26.10.2005 жылғы № 1076 Қаулысына сәйкес
4. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 15 наурыздағы N 310 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
3-тармақтағы "магистральдық темiр жол желiсiн иелену мен пайдалануды жүзеге асыру" деген сөздер алынып тасталсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |