Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Отправить по почте
Осы редакция 05.06.2003 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 1051 қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын министрлiктер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен 1-қосымшаға сәйкес құрамдарда кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiн сайлауды қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп 2-қосымшаға сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамының директорлар кеңесiнiң құрамына сайлау үшiн кандидатуралар ұсынсын.
2-тармақ өзгертілді ҚР Yкiметiнiң 05.04.2003. № 328 қаулысымен. (24.01.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 1051 қаулысына 1-қосымша
Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары
1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ:
Әбiқаев Нұртай Әбiқайұлы - Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, төраға;
Әшiмов Нұрғали Сәдуақасұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар бiрiншi вице-министрi;
Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары;
Pахметов Нұрлан Құсайынұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетінің төрағасы;
Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ-тың президентi.
2. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" AAҚ:
Жабағиев Қожахан Көкiрекбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi, төраға;
Оразбаев Бiрлiк Есiркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi;
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi;
Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ААҚ-тың президентi.
3. "Қазпочта" ААҚ:
Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары, төраға;
Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетi төрағасының орынбасары;
Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
Абдулина Нәйла Құрманбекқызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша);
Арыстанов Әркен Кеңесбекұлы - "Қазпочта" ААҚ басқармасының төрағасы.
4. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" ЖАҚ:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |