• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 04.05.2008 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 28 маусым N 702.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 28 маусымдағы N 702 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1207  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 35, 328-құжат): 
тексеру комиссиясының құрамына мемлекеттiк өкiлдер енгiзiлетiн акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде: 
реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"1. "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ"; 
реттiк нөмiрi 2-жол алынып тасталсын. 
2. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттік меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк үлестерi мен акцияларының пакеттерi мемлекеттiк республикалық меншiктегi шаруашылық серiктестiктерi мен акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде: 
реттiк нөмiрлерi 114, 116-жолдар алынып тасталсын. 
3. "Жекелеген акционерлiк қоғамдарға банктiк қызмет көрсету мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 наурыздағы N 316  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 10, 94-құжат): 
қаражаттары бiрiншi топтағы банктерде орналастырылуға жататын акционерлiк қоғамдардың (ұлттық компаниялардың) тiзбесiнде: