Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 702 Қаулысы
Редакция 02.04.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 28 маусымдағы N 702 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1207 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 35, 328-құжат):
тексеру комиссиясының құрамына мемлекеттiк өкiлдер енгiзiлетiн акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ";
реттiк нөмiрi 2-жол алынып тасталсын.
2. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттік меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк үлестерi мен акцияларының пакеттерi мемлекеттiк республикалық меншiктегi шаруашылық серiктестiктерi мен акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрлерi 114, 116-жолдар алынып тасталсын.
3. "Жекелеген акционерлiк қоғамдарға банктiк қызмет көрсету мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 наурыздағы N 316 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 10, 94-құжат):
қаражаттары бiрiншi топтағы банктерде орналастырылуға жататын акционерлiк қоғамдардың (ұлттық компаниялардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ".
4. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне" бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 9-1-жол алынып тасталсын.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.04.2015 жылғы № 173 Қаулысымен (25.12.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.04.2015 № 69(28547) жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 04.05.2008 № 406 Қаулысымен. (28.06.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 25.12.2010 № 1412 Қаулысымен (04.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
8. "Акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 22 тамыздағы
N 1098 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 389-құжат):
1-тармақ "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" деген сөздердiң алдынан мынадай сөздермен толықтырылсын:
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы",".
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 28 маусымдағы N 702 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" акционерлiк қоғамының байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 31 тамыздағы N 819 қаулысы.
2. "Ұлттық компаниялар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 19 наурыздағы N 286 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 10, 84-құжат).
3. "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" ЖАҚ-ның жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 23 тамыздағы N 1223 қаулысы.
4. "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 10 қыркүйектегi N 1359 қаулысы.
5. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң резиденциясын салуды қаржыландырудың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 30 маусымдағы N 981 қаулысы.
6. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компания" жабық акционерлiк қоғамын дамытудың 2000-2005 жылдарға арналған Индикативтiк жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1252 қаулысы.
7. "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ұлттық теңiз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 25 мамырдағы N 714 қаулысы.
8. "Мұнай және Газ көлiгi" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының 2001-2005 жылдарға арналған даму жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 15 ақпандағы N 221 қаулысы.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |