Toggle Dropdown
Жер қойнауын пайдалануға арналған модельдік келісімшарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1412 қаулысы
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жер қойнауын пайдалануға арналған операциялардың түрлері бойынша:
1) барлауға арналған модельдік келісімшарт;
2) өндіруге арналған модельдік келісімшарт;
3) бірлескен барлау мен өндіруге арналған модельдік келісімшарт;
4) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшарт бекітілсін.
2. Барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптары қоса беріліп отырған модельдік келісімшарттардың ережелері ескеріле отырып айқындалады.
3. Құзыретті органдар мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қоса беріліп отырған модельдік келісімшарттардың ережелерін ескере отырып, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін анықталған конкурстардың жеңімпаздарымен барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар жасассын.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған модельдік келісім-шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 шілдедегі № 1015 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 28, 356-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 702 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 20, 213-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 шілдедегі № 1015 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 тамыздағы № 889 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 26, 288-құжат).
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1412 қаулысымен
бекітілген
БАРЛАУҒА АРНАЛҒАН МОДЕЛЬДІК КЕЛІСІМШАРТ
Бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының атынан құзыретті орган ретінде әрекет ететін
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
және
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(азаматтың аты-жөні немесе заңды тұлғаның атауы, бұдан әрі-жер қойнауын пайдаланушы)
арасындағы
____________________________________________________________________
(әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жері көрсетілсін)
____________________________________________________________________
(кен орны, учаске немесе блок)
____________________________________________________________________
(пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін)
барлауға арналған келісімшарт.
Қазақстан Республикасының ____________________________________
(әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жері көрсетілсін)
____________________________________________________________________
(жер қойнауы учаскесі)
____________________________________________________________________
(пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін)
барлауға арналған келісімшартқа Тараптар
___________________________________________________________________.
(келісімшарт жасасуға негіз болатын конкурстық комиссия хаттамасына немесе
ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер хаттамасына)
сәйкес 20 __ жылғы "___" ____________ қол қойды.
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер қойнауы мен ондағы пайдалы қазбалар мемлекет меншігінде болатынын, Қазақстан Республикасы жер қойнауын ұтымды, кешенді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету шарттарымен _________________________________________ (пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін) барлауды жүзеге асыруға ниет білдіретінін;
2) жер қойнауын пайдаланушының келісімшартқа сәйкес
_______________________________ барлауды ұтымды әрі тиімді жүргізуге (пайдалы қазбаның түрін көрсету) ниеті және қаржылық, техникалық мүмкіндігі бар екенін;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі құзыретті органға келісімшарт жасасуға және орындауға құқық бергенін;;
4) Құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы) мен жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт _____________________________ барлау жұмыстарын жүргізуде (пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін) олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейді деп уағдаласқанын назарға ала отырып, құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы) мен жер қойнауын пайдаланушы төмендегілер туралы келісті:
Осы бөлімде түсінік берілмеген анықтамалар мен терминдердің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) көзделген анықтамалар мен терминдерге сәйкес келетін мағынасы бар:
1) мемлекет - Қазақстан Республикасын білдіреді;
2) геологиялық ақпарат - геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық, тектоникалық мәліметтерді, тау-кен қазбаларының, ұңғымалардың техникалық құжаттамасын, кен орнының, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін келісімшарттық, аумақтағы жұмыс учаскесі мен объектілердің болжамды ресурстарын және баланстық қорларын қамтитын материалдар жиынтығы;
3) геологиялық бөлу - барлауға құқығы бар жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын жүйелі және сипаттамалық жағынан айқындайтын, барлауға жасалатын келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, барлау жүргізуге қосымша;
4) келісімшарттың қолданылатын жылы - григориан күнтізбесі бойынша тізбектеле келетін 12 айға тең кезеңді білдіреді, келісімшарттың түпмәтінінде ол тіркейтін құзыретті орган келісімшарттың күшіне енетін күнін мемлекеттік тіркеген сәттен немесе осы енудің кез келген жылынан басталады;
5) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік бір жылға жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;
6) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, үш жылға дейінгі кезеңге жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;
7) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді бағдарламасы — жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, ол он жылға дейінгі кезеңге немесе келісімшарттың қолданылуы аяқталғанға дейінгі мерзімге жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу мерзімдерін айқындайтын құжат;
8) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуды есептеу үшін қолданылатын тәртіп;
9) келісімшарттың күшіне енетін күні — осы келісімшарттың 3.6-тармағында көрсетілген күнді білдіреді;
10) жер қойнауын пайдалану туралы заңнама - Заңды, оған өзгерістер мен толықтыруларды және көрсетілген Заңға сәйкес қабылданған, жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білдіреді;
12) құзыретті орган - егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзгеше белгіленбесе, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды жасасуға және орындауға байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;
13) келісімшарт - құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы) мен жер қойнауын пайдаланушы арасында пайдалы қазбаларды барлау бойынша операциялар жүргізуге арналған шарт, сондай-ақ оның барлық қосымшалары;
14) келісімшарттық аумақ - жер қойнауын пайдаланушы келісімшартқа сәйкес онда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге құқылы геологиялық бөлумен айқындалатын аумақ;
15) қазақстандық тауар өндіруші - Қазақстанда шығарылатын тауарларды өндіретін Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;
16) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндіруші - Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, қызметкерлерінің жалпы санында Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатын заңды тұлғалар;
17) коммерциялық табу - келісімшарттық аумақтағы барлау нәтижесінде коммерциялық мүддені білдіретін, жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы растаған бір немесе бірнеше кен орындарын табу;
18) кадрлардағы жергілікті қамту — келісімшартты орындау кезінде жұмысшылар мен қызметшілердің әрбір санаты бойынша бөле отырып, жұмысқа тартылған персоналдың жалпы санындағы қазақстандық кадрлардың пайызбен алғандағы саны;
19) тауардағы жергілікті қамту — Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, пайдаланылатын жергілікті материалдар құнының және тауарларды өндірушінің тауарды қайта өңдеуге жұмсаған шығындарының тaуaрдың түпкi құнындaғы пайыздық үлесі;
20) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту — жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардың құны және қосалқы мердігерлік шарттардың бағалары шегеріле отырып, жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардағы, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бағасындағы, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс (қызметті) орындаушының еңбегіне ақы төлеу қорындағы жергілікті қамту құнының жалпы жиынтық үлесі;
21) тарату қоры - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың зардаптарын жою үшін жер қойнауын пайдаланушы құратын қор;
22) кен орны - құрамында табиғи шоғырланған пайдалы қазбасы (пайдалы қазбалары) бар жер қойнауының бөлігі;