Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
"Жер қойнауын пайдалануға арналған модельдік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1412 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1178 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 9 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 630 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жер қойнауын пайдалануға арналған модельдік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 6, 832-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3) тармақшадағы «келісімшарт бекітілсін.» деген сөздер «келісімшарт;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшарт бекітілсін.»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптары қоса беріліп отырған модельдік келісімшарттардың ережелері ескеріле отырып айқындалады.
3. Құзыретті органдар мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қоса беріліп отырған модельдік келісімшарттардың ережелерін ескере отырып, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін анықталған конкурстардың жеңімпаздарымен барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар жасассын.»;
осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қ аза қ стан Республикасыны ң
Премьер-Министрi К. М ә сімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1178 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1412 қаулысымен бекітілген
Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшарт
Бұдан әрі тараптар деп аталатын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган мен
_______________________________________________________________
(Жеке т ұ л ғ аны ң Т.А. Ә немесе заңды т ұ л ғ аны ң атауы (б ұ дан ә рі – Жер қ ойнауын пайдаланушы)
арасындағы
____________________________________________________________________
( ә кімшілік-аума қ ты қ бірлікте орналас қ ан жерін к ө рсету)
____________________________________________________________________
(объектіні ң атауын к ө рсету)
барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшарт.
Осы Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшартқа Тараптар
_______________________________________________________________
(Келісімшарт жасау ғ а негізі болып табылатын тікелей келісс ө здер хаттамасына)
сәйкес 20 «__» ___________ қол қойды.
Кіріспе
1. 1-бөлім. Анықтама
2. 2-бөлім. Келісімшарттың мақсаты
3. 3-бөлім. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
4. 4-бөлім. Келісімшарттық аумақ
5. 5-бөлім. Мүлік пен ақпаратқа арналған меншік құқығы
6. 6-бөлім. Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері
7. 7-бөлім. Пайдалы қазбаны өлшеу
8. 8-бөлім. Қосалқы мердігерлік жұмыстарды орындау
9. 9-бөлім. Қаржыландыру
10. 10-бөлім. Салық салу және кедендік төлемдер
11. 11-бөлім. Бухгалтерлік есеп
12. 12-бөлім. Сақтандыру
13. 13-бөлім. Консервациялау немесе тарату және тарату қоры
14. 14-бөлім. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау
15. 15-бөлім. Халық пен персоналдың қауіпсіздігі
16. 16-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын
бұзғаны үшін жауапкершілігі
17. 17-бөлім. Еңсерілмейтін күш
18. 18-бөлім. Құпиялылық
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |