Осы редакция 28.10.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
"Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 501 қаулысы
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Iшкi және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негiзгi бағыттары" туралы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Жарғылық капиталына 100 пайыз мемлекеттiң қатысуымен "Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қор) құрылсын.
1) шикiзаттар мен материалдарды тереңдетiп өңдеудi жүргiзетiн, қазiргі заманғы және озық технологияларды пайдалана отырып бәсекеге қабiлеттi әрi табысты өнiм шығаратын, сондай-ақ өнеркәсiптiң перспективалы кәсiпорындарына өндірiстiк қызметтер көрсететiн жаңадан құрылатын, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыру;
2) инвестициялардың көлемiн кеңейту жолымен Қазақстан Республикасында корпоративтiк бағалы қағаздар рыногының дамуын ынталандыру, сондай-ақ қор рыногының қазiргi заманғы құралдарын қолдану үшiн жағдайлар жасау;
3) Қордың кәсiпорындардың жарғылық капиталына және оларды басқаруға қатысуы есебiнен ықтимал инвесторлар үшiн кәсiпорындардың тартымдылығын арттыру;
4) отандық және шетелдiк кәсiпорындардың арасында өндiрiстiк кооперацияны қамтамасыз ету, толықтыратын, сабақтас өндiрiстердi дамыту үшiн шетелдiк инвестицияларды жүзеге асыру;
5) шетелдегi қазақстандық кәсiпорындардың инвестициялық белсендiлiгiн арттыруға жәрдемдесу;
6) халықаралық тәжiрибе мен стандарттарды қолдану негiзiнде инвестициялық портфельдердi басқарудың озық практикасын әзiрлеу;