Toggle Dropdown
2
"Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 501 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 15.11.2004 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Iшкi және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негiзгi бағыттары" туралы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген 100 пайыз мемлекеттiң қатысуымен "Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қор) құрылсын.
Toggle Dropdown
2. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) шикiзаттар мен материалдарды тереңдетiп өңдеудi жүргiзетiн, қазiргі заманғы және озық технологияларды пайдалана отырып бәсекеге қабiлеттi әрi табысты өнiм шығаратын, сондай-ақ өнеркәсiптiң перспективалы кәсiпорындарына өндірiстiк қызметтер көрсететiн жаңадан құрылатын, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
2) инвестициялардың көлемiн кеңейту жолымен Қазақстан Республикасында корпоративтiк бағалы қағаздар рыногының дамуын ынталандыру, сондай-ақ қор рыногының қазiргi заманғы құралдарын қолдану үшiн жағдайлар жасау;
Toggle Dropdown
3) Қордың кәсiпорындардың жарғылық капиталына және оларды басқаруға қатысуы есебiнен ықтимал инвесторлар үшiн кәсiпорындардың тартымдылығын арттыру;
Toggle Dropdown
4) отандық және шетелдiк кәсiпорындардың арасында өндiрiстiк кооперацияны қамтамасыз ету, толықтыратын, сабақтас өндiрiстердi дамыту үшiн шетелдiк инвестицияларды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
5) шетелдегi қазақстандық кәсiпорындардың инвестициялық белсендiлiгiн арттыруға жәрдемдесу;
Toggle Dropdown
6) халықаралық тәжiрибе мен стандарттарды қолдану негiзiнде инвестициялық портфельдердi басқарудың озық практикасын әзiрлеу;
Toggle Dropdown
7) Қордың инвестициялық жобаларына қатысу үшiн менеджерлердi даярлау Қор қызметiнiң негiзгi мiндеттерi болып белгiленсiн.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Toggle Dropdown
1) Қордың жарғысын және инвестициялық декларациясын бекiтудi, Қордың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
Toggle Dropdown
2) республикалық бюджет қаражаты есебiнен 23 000 000 000 (жиырма үш миллиард) теңге сомасында Қордың жарғылық капиталының акцияларына ақы төлеудi және мынадай мекен-жай бойынша: Алматы қаласы, Зеньков көшесi, 80 орналасқан ғимаратты беруді;
Toggle Dropdown
3) "Қазақстанның Инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеудi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгізудi;
Toggle Dropdown
4) осы қаулыдан туындайтын өзге шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қор акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын берсiн.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
Toggle Dropdown
2) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
Toggle Dropdown
"Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-85-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"123-85. "Қазақстанның Инвестициялық қоры АҚ";
Toggle Dropdown
3) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 217-5-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"217-5. "Қазақстанның Инвестициялық қоры" AҚ". Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.
Toggle Dropdown
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі