Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Отправить по почте
"Мелиоратор" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің қаулысы. 2002 жылғы 28 желтоқсан N 1395
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Мелиоратор" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен
"Мелиоратор" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн;
Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi жұмыс iстеп тұрған және жаңадан
iске қосылатын су шаруашылығы және гидромелиоративтiк жүйелердi жабдықтармен жасақтау, оларда iске қосу-реттеу жұмыстарын жүргiзу, сондай-ақ су шаруашылығы және гидромелиоративтiк құрылыстардың объектiлерi үшiн жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау болып айқындалсын;
3) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
4) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы"
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13,
124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Павлодар облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 265-9-жолмен толықтырылсын:
"265-9. "Мелиоратор" ЖАҚ";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 205-5-жолмен толықтырылсын:
"205-5. "Мелиоратор" ЖАҚ".
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі