• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1103 Қаулысы

1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50  Жарлығын  іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 7, 53-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Самұрық" холдингі" АҚ-ты басқару мәселелері" деген 4-бөлімнің үшінші абзацындағы "Энергетика және минералдық ресурстар" деген сөздерден кейін ", Индустрия және сауда" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.