1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 1148 қаулысы
"Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 28 тамыздағы N 1178 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның басқа құрылтайшысымен құрылтай шартын жасасуды;
2) Қоғамды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi;
3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiндегi "Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-87-жолмен толықтырылсын:
"123-87 "Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институты" АҚ";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiндегi: "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-26-жолмен толықтырылсын:
"222-26 "Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институты" АҚ".
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі