Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 21 тамыздағы N 932 және 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 қазандағы N 1044 Қаулысы
Редакция 06.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2) "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшырудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355 қаулысында:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қоғам мыналарды ұйымдастыру жөнiндегi уәкілетті ұйым болып белгiленсiн:
1) ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату аппараттарын және олардың ұшуын жерден басқару кешенiн пайдалану;
2) электр магниттік үйлесімділікті есептеудi жүргiзудi қоса алғанда, азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электр магниттiк үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету.";
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мыналар қоғам қызметiнiң негiзгi түрлерi болып белгіленсiн" деген сөздер "Жүктелген өкiлеттiктердi iске асыру үшiн Қоғам мынадай қызметтi жүзеге асырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) халықаралық шарттар негізiнде байланыс мәселелерi бойынша халықаралық қызметтi жүзеге асыруға қатысу";
"Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігі" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазсат" акционерлiк қоғамы мен Жеткiзушi арасындағы Келiсiм-шарт бойынша мiндеттемелер аяқталғаннан кейiн ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату спутнигін, бiрге жүретiн ғарыштық аппараттарды жерден басқару кешенiн және байланыс мониторингi жүйесiн иелену және пайдалану құқығын Қоғамға берудi";
"Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттігі," деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi," деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының