Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 наурыздағы N 239 қаулысы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889 Жарлығын iске асыру мақсатында және "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдардың жарғылық капиталдары мен активтерiн қалыптастыру (ұлғайту) ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулымен бекiтiлетiн Ережеге сәйкес жарғылық капиталында акциялардың мемлекеттiк бақылау пакетi бар "Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры" акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - Қор) құруға қатысылсын.
Toggle Dropdown
3. Қордың құрылтай жиналысына құрылтай құжаттарында Қор қызметiнiң негiзгi мәнi Қорға қатысушы астық қабылдау кәсiпорны астықты Қор кепiлдiк берген астық қолхатында көрсетiлген сапасында және мөлшерiнде қайтаруға қабiлетсiз болған жағдайда Қорға қатысушы астық қабылдау кәсiпорнының астық қолхатын ұстаушы алдындағы мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету деп белгiлеу ұсынылсын.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi:
Toggle Dropdown
1) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне Қор акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын берсiн;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен 2003 жылғы 1 мамырға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Yкiметiне Қорға қатысушы астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхатын ұстаушы алдындағы мiндеттемелерiн Қордың өтеуi тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмнiң жобасын енгiзсiн.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
Toggle Dropdown
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
Toggle Dropdown
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-46-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"21-46. "Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры" АҚ";
Toggle Dropdown
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
Toggle Dropdown
иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 205-11-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"205-11. "Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры" АҚ".
Toggle Dropdown
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 12 наурыздағы
N 239 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентінiң 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ететiн ұйымдардың жарғылық капиталдары мен активтерін қалыптастыру (ұлғайту) ЕРЕЖЕСI
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Ереже "ҚазАгроҚаржы", "Мал өнiмдерi корпорациясы", "Аграрлық кредит корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамдарының, "Қазагромаркетинг" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қоғамдар), сондай-ақ "Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қор) жарғылық капиталдары мен активтерiн 2003 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат (бұдан әрi - Қаражат) есебiнен қалыптастыру (ұлғайту) тәртiбi мен шарттарын анықтайды.
Toggle Dropdown
2. Қоғамдар мен Қордың жарғылық капиталдары мен активтерiн қалыптастыруға (ұлғайтуға) Қаражат бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (бұдан әрi - Ауылшарминi) жазбаша өтiнiмдерi негiзiнде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының Ауылшарминi Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп (бұдан әрi - Комитет) Қоғамдардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру (ұлғайту) жөнiндегi iс-шараларды заңнамада белгiленген тәртiппен жүргiзудi қамтамасыз етедi.
Toggle Dropdown
2. Қоғамдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға бағытталған қаражатты пайдалану тәртiбi
Toggle Dropdown
4. Қоғамдар жарғылық капиталдарын ұлғайту рәсiмдерiн жүзеге асырғаннан кейiн бөлiнген Қаражатты заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай мақсаттарға пайдаланады:
Toggle Dropdown
1) "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамы - бюджеттiк бағдарламаның паспортында көрсетiлген аймақтарда жарғылық капиталына басқа азаматтық құқық субъектiлерiнiң қатысуға мүмкiндiгi бар әртүрлi ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалар ретiнде машина-технологиялық станциялар (сервис орталықтары) (бұдан әрi - МТС) құру үшiн және олардың қызметiн қаржыландыру (кредит бepу) үшін.
Toggle Dropdown
Бұл ретте MTC Қаражаттың ауыл шаруашылығы техникасын, құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектердi, соның iшiнде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, ауыл шаруашылығы техникасын, қосалқы бөлшектердi, ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарын жөндеу және сатып алу жөнiндегi қызметті жүзеге асыру үшiн және ауыл шаруашылығы өндiрiсiн қолдауға бағытталған қызметтiң басқа да түрлерiн ұйымдастыру үшiн, сондай-ақ MTC-тың ағымдағы қаржы-шаруашылық қызметiн қамтамасыз ету үшiн лизинг негiзiнде сатып алуға пайдаланылуын қамтамасыз етедi;
Toggle Dropdown
2) "Мал өнiмдерi корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы барлық облыстарда және Алматы қаласында Қоғамның дайындау пункттерi мен өкiлдiктерiн ұйымдастыруға, мал сою жөнiндегi технологиялық желi сатып алуға және орнатуға, сүт қабылдау және қайта өңдеу жөнiндегi технологиялық желi сатып алуға және орнатуға, мал шаруашылығы өнiмiн қабылдауға, сақтауға және тасымалдауға арналған арнайы техника сатып алуға;
Toggle Dropdown
3) "Аграрлық кредит корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы - бюджеттiк бағдарламаның паспортында көрсетiлген аймақтарда ауылдық кредит серiктестiктерiн құруға қатысу үшiн.
Toggle Dropdown
3. "Қазагромаркетинг" ашық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыруға бағытталған қаражатты пайдалану тәртiбi
Toggle Dropdown
5. Қоғам жарғылық капиталды қалыптастыру рәсiмдерiн жүзеге асырғаннан кейiн бөлiнген Қаражатты заңнамада белгiленген тәртiппен мыналар үшiн пайдаланады:
Toggle Dropdown
1) негiзгi құралдарды сатып алуға;
Toggle Dropdown
2) Қоғамның ауылдағы ақпараттық инфрақұрылымдарын енгiзу және дамыту, соның iшiнде: ақпарат жинау және талдамалы өңдеу, мемлекеттiк басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету, ауыл ауыл шаруашылығы өнiмi мен азық-түлiк рыногын зерттеу, аграрлық рынокқа қатысушыларға қорытындыланған маркетингтiк ақпарат беру, стратегиялық шешiмдер әзiрлеу үшiн аграрлық азық-түлiк рыногының жай-күйi туралы талдамалы материалдар беру жөнiндегі қызметін қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
3) ауыл шаруашылығы өнiмiн әлемдiк рынокта жайғастыру бойынша консалтингтік қызметтер көрсету.
Toggle Dropdown
4. Қордың жарғылық капиталы мен активтерiн (өтемақы қоры) қалыптастыруға бағытталған қаражатты пайдалану тәртiбі
Toggle Dropdown
6. 706 "Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры" АҚ астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша Қорды құруға және оның жұмыс iстеуiн ұйымдастыруға қатысу үшiн Ауылшарминiне Қаражат бөлiнедi, соның iшiнде:
Toggle Dropdown
100 000 000 (бip жүз миллион) теңге мөлшерiнде жарғылық капиталды қалыптастыруға мемлекеттiң қатысуы үшiн;
Toggle Dropdown
300 000 000 (үш жүз миллион) теңге мөлшерiнде Қордың активтерiн (өтемақы қоры) қалыптастыруға.
Toggle Dropdown
7. Ауылшарминi Қор құру мақсатында:
Toggle Dropdown
1) облыстар әкiмдерiнiң ұсынымдары бойынша белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс Қордың әлеуеттi қатысушылары - астық қабылдау кәсiпорындарын алдын ала iрiктеудi қамтамасыз етедi;
Toggle Dropdown
2) әлеуеттi қатысушы - астық қабылдау кәсiпорындарымен олардың Қорға қатысуы туралы келiседi.
Toggle Dropdown
8. Қорға қатысушы астық қабылдау кәсiпорындары анықталғаннан кейiн Комитет iрiктеп алынған астық қабылдау кәсiпорындарының уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен құрылтай жиналысын өткiзедi, оның қарауына Қордың құрылтай шартының және жарғысының жобалары ұсынылады.
Toggle Dropdown
9. Комитет құрылтай жиналысын өткiзгеннен кейiн заңнамаға сәйкес осы Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген құжаттарға түпкiлiктi келiсу және қол қою қамтамасыз етiледi, сондай-ақ Қорды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеу жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
10. Қордың жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесiне ақы төлеудi оған Комитет Қордың жарғылық капиталындағы мемлекеттің тиiстi үлесiне ақы төлеудiң қажеттiгi туралы хабарлағаннан кейiн Ауылшарминi қамтамасыз етедi.
Toggle Dropdown
11. Қор мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн Ауылшарминi өтем қорын қалыптастыру үшiн Қордың есептiк шотына қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражат аударуды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
5. Қаражаттың пайдаланылуын бақылау
Toggle Dropdown
12. Қазақстан Республикасының Ауылшарминi мен Қаржы министрлiгi Қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Осы мақсатта Ауылшарминi қолданыстағы заңнамаға сәйкес МТС құрудың және оларды қаржыландырудың тәртiбiн анықтайды, сондай-ақ MTC-тың құрылтай құжаттарын келiседi.
Toggle Dropdown
13. Қоғамдар тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей бөлiнген Қаражаттың пайдаланылуы туралы Ауылшарминiне есеп бередi.
Toggle Dropdown
14. Қордың жарғылық капиталы мен активтерiн қалыптастыруға республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттың тиiмдi және мақсатты пайдаланылуын бағалау үшiн оларға ай сайын құрылғаннан кейiн бiр ай өткеннен кейiн бөлiнген Қаражаттың пайдаланылуы туралы Ауылшарминiне ақпарат бередi.