Toggle Dropdown
1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Қазына" АҚ) құрылсын.
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 286 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберiнде ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Қазына" АҚ) құрылсын.
2. "Қазына" АҚ қызметiнiң негiзгi мәнi Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларындағы инвестициялық және инновациялық белсенділiктi арттыру мен ынталандыру мақсатында акцияларының мемлекеттік пакеттерiн (қатысу үлестерiн) иелену мен пайдалану құқықтарына ие заңды тұлғаларды тиiмдi корпоративтiк басқару болып белгiленсiн.
3. Қоса берілiп отырған:
1) "Қазына" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум;
2) акцияларының мемлекеттік пакеттерiн (қатысу үлестерiн) иелену мен пайдалану құқықтары "Қазына" АҚ-ға берілетiн заңды тұлғалардың тiзбесi бекiтілсiн.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне "Қазына" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 100000000 (бiр жүз миллион) теңге бөлiнсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) "Қазына" АҚ-ның жарғысын бекiтудi;
2) "Қазына" АҚ-ны Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi;
3) заңнамалық кесiмдерге тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгеннен кейiн заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) иелену мен пайдалану құқықтарын "Қазына" АҚ-ға берудi;
4) "Қазына" АҚ акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне берудi;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне "Қазына" АҚ Директорлар кеңесiнiң құрамы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-71-жолмен толықтырылсын:
"21-71. "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ";
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 237-19-жолмен толықтырылсын:
"237-19. "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ".