• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 07.05.2007 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 818 Қаулысы
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 22 маусымдағы N 137 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 сәуiрдегi N 286  қаулысында: 
2-тармақтағы "акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) иелену мен пайдалану құқықтарына ие" деген сөздер "акцияларының мемлекеттiк пакеттерi (қатысу үлестерi) ""Қазына" АҚ-тың жарғылық капиталын төлеуге берiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
"2) акцияларының мемлекеттiк пакеттерi (қатысу үлестерi) "Қазына" АҚ-тың орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн заңды тұлғалардың тiзбесi бекiтiлсiн";
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
"3) акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) "Қазына" АҚ-тың жарғылық капиталын төлеуге берудi;";
5-тармақтың 4) тармақшасындағы "мемлекеттiк пакеттерiн" деген сөздер "мемлекеттiк пакетiн" деген сөздермен ауыстырылсын;