• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 13.03.2009 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 Қаулысы
"Агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ) құрылсын.
2. "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ қызметiнiң негiзгi мәнi акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы қызметтi жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдарды тиiмдi басқару жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн дамытуды ынталандыру болып белгiленсiн.
3. Қоса берiлiп отырған: 
1) "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум; 
2) акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн акционерлiк қоғамдардың тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
"ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне берсiн; 
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп: 
1) "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ жарғылық капиталын 2007 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебiнен 300000000 (үш жүз миллион) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды; 
2) "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумның ережелерiн ескере отырып, "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ның жарғысын бекiтудi; 
3) "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ны Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi; 
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
5. Тiзбеде көрсетiлген акционерлiк қоғамдар заңнамада белгiленген тәртiппен "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн бағалауды жүргiзсiн.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, осы қаулының 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ның жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және тiзбеде көрсетiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн беру жолымен орналастырылатын акцияларды төлеудi қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп: 
1) бiр ай мерзiмде "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ Директорлар кеңесiнiң құрамы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн; 
2) бiр жарым ай мерзiмде осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: 
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-81-жолмен толықтырылсын: 
"21-81. "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында: 
көрсетiлген қаулыға қосымшада "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 205-14-жолмен толықтырылсын: 
"205-14. "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ".