• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Кейбір акционерлік қоғамдардың директорлар кеңестері құрамдарының жекелеген мәселелері
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 28.04.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Кейбір акционерлік қоғамдардың директорлар кеңестері құрамдарының жекелеген мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 шілдедегі N 1068 Қаулысы
Экономиканы үдемелі индустриялық-инновациялық, дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды: 
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Нығметұлы Ахметовті Директорлар кеңесінің төрағасы етіп "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" (Kаzаkhstаn Еngіnееrіng) акционерлік коғамының; 
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Тимур Бекболатұлы Нұрашевты "Инвестициялық компания: Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамының; 
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің кеңесшісі Құралбай Сейітбайұлы Бұхарбаевты "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының; 
4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Тимур Бекболатұлы Нұрашевты "Каzуnа Саріtаl Маnаgеmеnt" акционерлік қоғамының; 
5) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Қалымтайұлы Қазыбаевты "Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамының; 
6) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриялық-инновациялық даму департаментінің директоры Игорь Владимирович Цойды "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамының; 
7) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриялық-инновациялық даму департаментінің директоры Игорь Владимирович Цойды "Біріккен химия компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорлар кеңестерінің (қадағалау кеңестерінің) құрамдарына сайлауды қамтамасыз ету ұсынылсын. 
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов