1. Қоса беріліп отырған Жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау қағидалары бекiтілсін.
Отправить по почте
Жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1522 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 76-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау қағидалары бекiтілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1522 қаулысымен бекітілген
Жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау қағидалары
1. Негiзгi ұғымдар
1. Осы Жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 76-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген, әуе көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау тәртібін айқындайды және жолаушыларды, багажды және жүктердi әуеде тасымалдаудың, оларға қатысты қызмет көрсетудi қоса алғанда, технологиялық процестерiнің барлығына қолданылады.
2. Халықаралық тасымалдарды орындау кезiнде осы Қағидалар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, сондай-ақ аумағына, аумағынан немесе аумағы арқылы осындай тасымалдар жүзеге асырылатын елдiң заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) авиакомпания – азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;
2) агент – авиакомпанияны бiлдiретiн, осы авиакомпанияның әуе кемесiнiң, экипаждың, жолаушылардың, багаждың, жүктiң, поштаның және борттық қорлардың келуiне, жөнелтiлуiне және ресiмделуiне байланысты барлық рәсiмдердi орындау кезінде ол тiкелей уәкілеттік берген немесе оның атынан әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға;
3) багажды (PIR – Property Irregularity Report), жүктi (CIR – Cargo Irregularity Report) тасымалдау кезiндегi ақаулар туралы акт – бiр немесе бiрнеше авиакомпанияның әуе кемелерiмен тасымалданған багажға (жүкке) келтiрілген зиян белгiлi болғанда авиакомпания тез арада жолаушының (алушының) қатысуымен ресiмдейтiн, авиакомпания мен жолаушы (алушы) қол қоятын құжат;
4) әуежай – әуе кемелерiн қабылдау мен жөнелтуге, әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған және осындай мақсаттар үшiн әуеайлақ, аэровокзал, басқа да қажеттi ғимараттары мен жабдықтары бар құрылыстар кешенi;
5) межелi әуежай (пункт) – әуе тасымалы шартына сәйкес жолаушы, багаж немесе жүк жеткiзiлетiн әуежай (пункт);
6) жөнелту әуежайы (пунктi) – әуе тасымалы шартына сәйкес жолаушыларды, багажды немесе жүктi тасымалдау басталатын әуежай (пункт);
7) трансфер әуежайы (пунктi) – әуе тасымалы шартына сәйкес жолаушы ұшақты ауыстыратын немесе жүктi тасымалдау бағыты бойынша әрi қарай бет алу үшiн бiр рейстен басқасына жүкті тиеуді жүзеге асыратын, билетте немесе жүкқұжатта көрсетiлген әуежай (пункт);
8) багаж – әуе кемесiнiң бортында тасымалданатын жолаушылардың немесе экипаждың жеке заттары;
9) тiркелген багаж – сақталуын авиакомпания өз жауапкершiлiгiне алып, тасымалдауға қабылданған және ол жүк түбiртегi мен жүк белгiсiн берген жолаушы багажы;
10) қате жөнелтiлген багаж – авиакомпанияның кiнәсынан межелi пунктке жiберiлмеген багаж;
11) талап етiлмеген багаж – багаж белгiсiнде көрсетiлген межелi әуежайға (пунктке) келген және жолаушы алмаған багаж;
12) тiркелмеген багаж – тiркелгеннен басқа, Тасымалдаушының келiсiмiмен әуе кемесiнде тасымалданатын, «Қол жүгi» белгiсiмен куәландырылған және оның жүк бөлiмдерi мен жолаушылар салонында орналасқан жолаушы багажы. Әуе кемесiнiң бортына жолаушылардың өзi жеткiзедi. Тiркелмеген багаж жолаушының жауапкершiлiгiмен тасымалданады, тiркеу орнында мiндеттi өлшеуге жатады және багажды тегiн тасымалдау нормасына кiредi;
13) билет (жолаушы билетi және багаж түбiртегi) – авиакомпания не оның агенттерi беретiн тасымалдауға арналған, жолаушыны әуеде тасымалдау талаптары бар шарт жасалғанын куәландыратын құжат;
14) күнi белгiленбеген билет – жөнелту, межелi пунктi, авиакомпания, қызмет көрсету класы көрсетiлген, бiрақ рейстiң нөмiрi мен әуе кемесiнiң ұшатын күнi, уақыты көрсетiлмеген билет;
15) тапсырыс – бiрегей цифрлық-әрiптiк код беріле отырып, ұшу ақпаратынан және жолаушы, багаж немесе жүктер туралы өзге де ақпараттан тұратын Авиакомпанияның жаһандық дистрибутивтік жүйесінде электрондық жазбамен расталатын әуе кемесiнде жолаушыларды тасымалдау үшін, сондай-ақ багаж бен жүктерді тасымалдауға арналған жүк көлемi үшiн орындарды алдын ала бөлу. Тапсырысқа екі мәртебе беріледі – «Сатылмады» және «Сатылды»;
16) соманы қайтару – жолаушыға (жөнелтушiге) не оның атынан әрекет ететін тұлғаға ол бұрын төлеген, бiрақ пайдаланылмаған тасымалдау немесе қызмет көрсету құнының бiр бөлiгiн немесе толық құнын төлеу;
17) әуе тасымалдары – жеке және заңды тұлғалардың жолаушыларды, багажды, жүктердi және пошта жөнелтiлiмдерiн әуе кемесiмен тасымалдау жөніндегі қызметi;
18) халықаралық әуе тасымалы – орындалған кезде жөнелту және межелi пункттерi тасымалдауда немесе жүктi қайта тиеуде үзiлiстiң бар-жоғына қарамастан:
екi немесе одан да көп мемлекет аумағында;
егер басқа мемлекеттiң аумағында аялдау көзделсе, бiр мемлекет аумағында орналасқан әуе тасымалы;
19) ұшақ – ауадан ауыр, ұшу кезiндегi көтеру күшi негiзiнен осы ұшу жағдайларында қозғалмаған күйiнде қалатын үстiңгi беттердегi аэродинамикалық реакциялар есебiнен құрылатын күш қондырғысымен қозғалысқа келтiрiлетiн әуе кемесi;
20) әуе желiсi – араларында тұрақты әуе тасымалдары жүзеге асырылатын пункттердi анықтайтын белгiленген желi;
21) Варшава конвенциясы – 1929 жылғы 12 қазанда Варшавада қол қойылған халықаралық әуе тасымалдарына қатысты кейбiр ережелердi сәйкестендiруге арналған конвенция;
22) жүк – поштаны, борттық қорларды және багажды қоспағанда, әуе кемесiнiң бортында тасымалданатын кез келген мүлiк;
23) тез бұзылатын жүк – сақтау және тасымалдау кезінде ерекше жағдайларды талап ететiн өсiмдiк немесе жануар тектес өнімдер, оларды өңдеуден алынған өнiмдер, тiрi өсiмдiктер, балық өсiру материалы;
24) транзиттiк жүк – жүкқұжатқа сәйкес аралық пунктке жеткiзiлген рейспен одан әрi тасымалданатын жүк;
25) трансферлiк жүк – жүкқұжатқа сәйкес трансфер әуежайына (пунктiне) бiр рейспен, ал одан әрi сол немесе өзге авиакомпанияның басқа рейсiмен тасымалданатын жүк;
26) бағалы жүк – нақты құны Варшава конвенциясының 22-бабында белгiленген жүк;
27) жүкқұжат (Air Waybill) – әуе тасымалы, оның шарттары мен жүктi әуе желiлерi арқылы тасымалдауға қабылдау шартының жасалғанын куәландыратын әуе тасымалы құжаты;
28) интерлайн-серіктес – басқа тараптың желілері арқылы тасымалдау үшін бір тарап берген тасымалдау құжаттарын және мұндай тасымалдар үшін есептеу тәртібін тану жөніндегі тараптардың өзара міндеттемелерін танитын серіктес-авиакомпаниялар;
29) ақылы багаж түбiртегi – тегiн алып жүрудің белгіленген нормасынан артық багажды немесе тасымалдауы міндетті төлеуге жататын заттарды тасымалдау төлемiн растайтын, сондай-ақ багаждың жарияланған құндылығы үшiн алынатын алымдарды растайтын құжат;
30) тасымалдау маршруты – белгiлi бiр жүйелікпен билетте (жүк тасымалдағанда жүкқұжатта) көрсетiлген жөнелту, трансфер және межелi әуежайлар (пункттер);
31) жөнелтуші – жүктi жөнелтетін заңды немесе жеке тұлға;
32) жолаушы – экипаж құрамына кiрмейтiн және әуе тасымалы шартына сәйкес немесе өзге де заңды негiздерде әуе кемесiнде тасымалданатын жеке тұлға;
33) жолаушы купоны (Passenger Coupon) – жолаушыны және оның жүгiн әуеде тасымалдау шартының жасалғанын куәландыратын, электрондық-цифрлық жазба түрінде немесе қағаз тасығышта (БСО) ұсынылған билет бөлiгi;
34) ұшу купоны (Flight coupon) – жолаушыға билетте көрсетiлген пункттер арасында ұшуға құқық беретiн билеттiң бөлiгi;
35) багаждың, жүктiң зақымдануы – тасымалдау кезiнде багаждың, жүктiң немесе багаждың, жүктiң бiр бөлiгiнiң өзiнiң бастапқы мақсатында толық немесе ішінара пайдаланыла алмайтындай жарамсыз жағдайға келуi (өз құндылығын толық немесе ішінара жоғалтады);
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |