• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы N 458 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 8, 71-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінде: 
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"8. Аэронавигация саласында: 
әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету; 
әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету."; 
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
"2) әуежайлардың қызметтері: 
әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету; 
авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 
қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін 3 сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін 6 сағаттан астам тұрақ орнын беру; 
әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру; 
жолаушыларды тіркеуге арналған жұмыс орнын (алаңын) беру.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов