Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері антының мәтінін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 желтоқсан N 978 Жарлығы
Редакция 29.08.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері антының мәтіні бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 2 желтоқсандағы
N 978 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің анты
Мен, Қазақстан Республикасының азаматы __________________ (тегі, аты, әкесінің аты) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қызметке кіре отырып:
Қазақстан Республикасының халқы мен Президентіне адал болуға;
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-қимылымда заңдылық және әділдік қағидаттарын ұстануға;
маған жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен әрі кәсіби түрде орындауға, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері жоғары атағын қастерлеуге;
азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау және елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайту үшін күшімді аямауға, қажет болса өмірімді қиюға;
мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтауға салтанатты түрде ант етемін.
Егер мен өзімнің осы антымды бұзсам, онда мен Қазақстан Республикасының заңдары бойынша қатаң жазаға тартылайын.
200_ жылғы " __ " _______________ ________________