Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 199 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 12 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 01.09.2015 жылғы № 728 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
2 шілдедегі № 767 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 611-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«диспетчерлік жүйе – келісілген маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының қозғалысы туралы нақты уақыт режимінде үздіксіз ақпарат алуға мүмкіндік беретін жүйе;
диспетчерлік жүйе операторы – диспетчерлік жүйені ұйымдастыруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғалар;»;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустар Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетiнiң 2001 жылғы 22 қазандағы № 378 бұйрығымен бекiтiлген «Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлiк қызметтерi» туралы ҚР СТ 1040-2001 сәйкес келуi тиiс, бұл ретте:
1) қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобильмен тасымалдау маршруттарында кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустарды (I класты), шағын автобустарды, сондай-ақ қала маңындағы автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында қалааралық автобустарды (II класты) пайдалануға рұқсат етiледi;
2) қалааралық облысаралық және халықаралық автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында қалааралық автобустар (II класты) немесе алысқа жүретiн автобустар (III класты) пайдаланылуы тиiс. Республикалық маңызы бар жолдар бойынша осы маршруттардың ұзақтығы 300 км-ге дейiн болса, шағын автобустарды пайдалануға рұқсат етiледi;
3) халықаралық қатынастарда жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдайтын маршруттарға тасымалдау түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар тасымалдаушылар жіберіледі;
4) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауда тұрақты қалааралық облысаралық, халықаралық және қалалық (республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, сондай-ақ облыс орталықтарында) маршруттарда қолданылатын автобустар мен шағын автобустар тасымалдарды жүзеге асыру кезінде нақты уақыт режимінде байланыс арналары арқылы деректерді үздіксіз беру жүйелерімен жабдықталады.
11. Республикалық маңызы бар жолдар бойынша ұзақтығы 150 км астам қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық және халықаралық тұрақты және тұрақсыз тасымалдау үшін пайдаланылатын автобустарда шалқаймалы арқалықтары бар жұмсақ отырғыштары болуы тиiс.
Осы талап маршруты ирелеңдері, бұрылыстардың кіші радиустары немесе паромдық өткелі бар таулы жерлерден өтетін ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдауға қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Маршруттың ұзақтығы 500 км асатын болса, автобус салонында ауыстырушы жүргізушінің орны көзделеді.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Такси сырттан екі бүйірі бойынша (белдеумен) шахматтық тәртіппен орналасқан қара және сары шаршылардан тұратын бірыңғай ерекшелік белгісімен мынадай өлшемде ресімделеді:
биіктігі – 30 сантиметр;
ұзындығы – кемінде 100 сантиметр.»;
28-тармақ алынып тасталсын;
29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Такси жарамды, стандарттау жөніндегі уәкiлеттi орган тексерген және пломбаланған таксометрмен немесе кассалық бақылау машинасымен жарақталады.
Көлік құралдарында кассалық бақылау машиналарын салық органдарында тіркеусіз пайдалануға жол берілмейді.
30. Таксидiң салонында жолаушылар көретіндей жерде жүргiзушiнiң фотосуретi бар, тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген визит карточкасы, сондай-ақ:
1) тасымалдаушының ресми атауы, оның мекенжайы және телефон нөмірі;
2) таксометр болған жағдайда 1 км дейінгі, сондай-ақ келесі аралықтағы жол жүру құны көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады.»;
36-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жетпiс бес пайыздан артық қосарлану учаскесiнде автобустардың орташа сыйымдылығын пайдалану кезiнде уақыт бойынша айырмашылығы:
150 км дейiнгi қосарлану ұзақтығында 10 минутқа дейiн;
350 км дейiнгi қосарлану ұзақтығында 15 минутқа дейiн;
350 км артық қосарлану ұзақтығында 20 минутқа дейiн қысқартылады.»;
37-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау маршруттарында (халықаралық қатынастардан басқа) барлық маршруттардың ұзақтығында автобустардың орташа жылдық толтырылуы жетпiс бес пайыздан артық болған кезде тасымалдауды ұйымдастырушы тасымалдаушылардың немесе жолаушылардың өтiнiшi бойынша қосымша қозғалыс кестесiн енгiзу туралы шешiм қабылдайды. Қалааралық облысаралық маршруттарға қатысты қосымша қозғалыс кестесін енгізу туралы шешімді автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша қабылдайды.»;
мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:
«37-1. Ұзақтығы 300 км-ге дейінгі тұрақты қалааралық облысаралық маршруттарда автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша автобустардың, шағын автобустардың еркін қозғалысы бойынша жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асырудың тұрақты кезеңін көрсете отырып, қозғалыс кестесін бекітеді. Автобустардың, шағын автобустардың еркін қозғалысы бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдауға қызмет көрсету құқығы маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушыға беріледі.»;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Жүргiзушi рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден рейске (ауысымға) шыққанға дейiн немесе таксидегі жұмыс басталғанға дейін отыз минут қалғанда жол қағазын немесе борт журналын, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты көрсету бойынша өтедi.»;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Шағымдары, аурудың нақты белгiлерi мен ағзаның жұмыс iстеу жай-күйiнiң бұзылуы болмаған кезде, тексерiлушi көлiк құралдарын басқаруға жiберiледi.
Медицина қызметкерi жүргізушілер жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауын жүзеге асырған кезде – борт журналының, жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауын, сондай-ақ таксимен тасымалдауды жүзеге асырған кезде жол қағазының тиiстi бағаналарына мөртабан қояды. Мөртабанда тексеруден өткен уақыт пен медицина қызметкерiнiң қолы қойылады.»;
58-тармақтың екінші бөлігі 6) тармақшадағы «дүңгіршегі болуы тиіс.» деген сөздер «дүңгіршегі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) Интернет желісіне сымсыз қол жеткізу нүктелері;
8) жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттерінде, жолаушыларға арналған күту залында, автобустар тұрақтары үшін алаңдарда бейнебақылау құралдары болуы тиіс.»;
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«74. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды:
1) автовокзалдардың, автостанциялар мен кассалық пункттердің билет кассалары арқылы;
2) маршруттың аралық аялдама пункттерінде билет кассалары болмаған жағдайда автобуста, шағын автобуста отыратын бос орындар болса, сондай-ақ жолаушылар мен багажды 50 км артық қашықтықта тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустардың толу нормасына дейін жүргізуші немесе кондуктор;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |