Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
"Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1587 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 766-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеуге және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беруге алым Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленетін тәртіппен алынады.»;
8-тармақ алынып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Кемені Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізіліміне енгізу осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес Кеме куәлігін берумен куәландырылады, ол кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге меншік құқығын растайды.
Кемені Жалға алынған шетел кемелері тізіліміне енгізу осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік берумен куәландырылады.»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Қағидаға сәйкес кемелерді мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды қабылдау, оларды алу кезінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) лауазымды тұлғасы кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазу енгізеді. Ұсынылатын құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеген кезде өтініш берушіден құжаттар қабылдаудан бас тартылады. Өтініш берушінің талабы бойынша оған құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша растама беріледі;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілген қайшылықтар мен мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін басқа да негіздер болмаған кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізіліміне, Жалға алынған шетел кемелері тізіліміне жазулар енгізу;»;
13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
13. Шетел кемелеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімін алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар тапсырылады:»;
17-тармақ алынып тасталсын;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Кемелерді және оларға құқықтарды Мемлекеттік кеме тізілімінде, жалға берілген шетел кемелері тізілімінде мемлекеттік тіркеу кезінде оларға тиісті тіркеу нөмірлерін бере отырып, осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген құжаттар беріледі.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Егер оқиға немесе басқа себептермен кеме бұрын Мемлекеттік кеме тізіліміне енгізілген мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда кемені мемлекеттік қайта тіркеу жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының меншігіндегі және мемлекеттік органдардың өздеріне жүктелген функцияларды орындау үшін кемені коммерциялық мақсаттарда пайдалану кемені қайта тіркеу үшін негіз болып табылады.»;
29-тармақ алынып тасталсын;
30, 31, 32, 33, 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы уақытша берілген шетел кемесінің ипотекасы Заңның 24-бабы 7 және 11-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелмейді.
31. Кеме ипотекасы кемеге меншік құқығы мемлекеттік тіркелгеннен кейін кепіл берушінің өтініші негізінде тіркеледі.
Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы өтініште мыналар көрсетіледі:
1) кемені сәйкестендіретін (кеменің атауы, тіркеу нөмірі, тіркеу орны, тіркелім нөмірі, типі және класы, кеме тоннажы);
2) ипотека кепіл берушінің аты мен мекенжайы;
3) ипотеканың кепіл ұстаушысының аты және мекенжайы немесе оның ұсынушыға белгіленгені туралы мәліметтер;
4) ипотекамен қамтамасыз етілген міндеттемелердің ең жоғарғы мөлшері ипотека әрбір кемемен жекеше ол туралы тараптардың келісімі болса екі немесе одан көп кемелер көлемін белгілеу кезінде;
5) кеме ипотекасының аяқталу күні.
Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке осындай шартта көрсетілгендермен кеменің ипотекасы туралы шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі қоса беріледі.
Кеменің ипотекасы мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берілген күні тіркеледі.
Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттар осы Қағиданың 19-тармағының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
32. Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер кіріс құжаттарын есепке алу кітабына және осы кеме тіркелген тиісті тізілімге енгізіледі.
Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу кезінде ол туралы кеме құжаттарына қандай да бір жазбалар енгізу талап етілмейді.
33. Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілуімен өтініш берген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде куәландырылады.
34. Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кеме ипотекасы шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақтарды қоса беру жолымен осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес мерзімде жүзеге асырылады.
Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақта кеме ипотекасы туралы шартқа қосымша келісім нөмірі және жасалған күні, сондай-ақ кеме ипотекасы туралы шартқа енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулардың мәні көрсетіледі.
Кепіл беруші және (немесе) борышкер ауысқан кезде, егер борышкер кеме ипотекасының шарты бойынша кепілзат беруші болып табылмаса, Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақта жаңа кепіл берушінің және (немесе) борышкердің деректері (атауы) және тұрғылықты жері көрсетілуі, сондай-ақ жаңа кепіл берушінің қолы болуы тиіс.
Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты аумақтық бөлімше кеменің ипотекасы туралы шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін кепіл берушінің өтініші негізінде береді.
Өтінішке кеменің ипотекасы туралы шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесіне осындай қосымша келісімде көрсетілген құжаттар көрсетілген қосымша келісім қоса беріледі.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелген кемені жалдау шарты бойынша шетелдік жалға алушыға беру кезінде пайдалануға және иеленуге мұндай кеме уәкілетті органның шешімі негізінде шет мемлекеттің туын көтеруге уақытша ауыстырылады.»;
39-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Кемені шет мемлекеттің туын уақытша көтеруге көшіру туралы шешімді кеме иесінің немесе тиісті түрде ресімделген сенімхаты бар тұлғаның мынадай құжаттарды қоса бере отырып, кемені мемлекеттік тіркеу орны бойынша аумақтық бөлімшенің атына жіберілген өтініші негізінде уәкілетті орган қабылдайды:»;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Осы Қағиданың 46-тармағында көрсетілген құжаттарды алған кезде Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемесінің консулдық лауазымды тұлғасы құжаттарды есепке алу кітабына тиісті жазба енгізеді. Уақытша куәлік бергені туралы әрбір жазба тіркеу нөмірімен сәйкестендіріледі. Мұндай нөмір құжаттарды қабылдаған кезде беріледі және қабылдаған құжаттардың кіріс нөміріне сәйкес келеді. Ұсынылған құжаттарды тексергеннен кейін Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемесі уақытша куәлік береді. Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемесі берілген уақытша куәлік туралы он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға уақытша куәліктің көшірмесін қоса бере отырып, хабар жібереді.»;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Мемлекеттік кеме тізілімін, Жалға алынған шетелдік кемелердің тізілімін жүргізуді аумақтық бөлімшелер қағаз және электронды тасымалдағыштарда жүзеге асырады.
Осы тізілімдердің нысандарын уәкілетті орган белгілейді.»;
54, 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«54. Мемлекеттік кеме тізілімінде кеме тіркелген аумақтық бөлімше өз мүдделерін қорғауға тиісті шаралар қолдануы үшін кепіл ұстаушыға кеменің осы тізілімнен алдағы уақытта шығарылатыны туралы хабарлама жібереді. Олардың келісімі алынбаған кезде кеме кепіл ұстаушыға хабардар еткеннен кейін үш ай өткен соң осы тізілімнен шығарылады.
55. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінен алып тастау, егер барлық тіркелген кеме ипотекасы алдын ала қанағаттандырылған немесе барлық кепіл берушіден жазбаша келісім алынған жағдайда ғана жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті органы шетелдік азаматқа немесе шетелдік заңды тұлғаға кемені мәжбүрлі түрде сатқан кезде Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару көрсетілген орган кеменің сатылғанын және сатып алушының өзіне қабылдап алғандарынан басқаларынан қоспағанда, ешқандай ипотекамен ауыртпалық алмағанын куәландыратын құжаттарды ұсынған кезде жүргізіледі.
Осы Қағиданың 50, 51, 52-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кемені тиісті тізілімнен шығару өтініш берген күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Аумақтық бөлімше тиісті тізілімнен шығарылу туралы жазба енгізеді және Кемені мемлекеттік кеме тізілімінен шығарылғаны туралы куәлікті осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес береді.»;
77, 78-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«77. Оқиға нәтижесінде немесе басқа себеппен шағын көлемді кеменің кеме кітабына бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда кемені мемлекеттік қайта тіркеу жүзеге асырылады.
78. Шағын көлемді кемені мемлекеттік қайта тіркеуді ресімдеу үшін аумақтық бөлімшеге шағын көлемді кемені мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш осы Қағиданың 65-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, ұсынылады.
Қазақстан Республикасының меншігіндегі және мемлекеттік органдардың өздеріне жүктелген функцияларды орындау үшін шағын көлемді кемені коммерциялық мақсаттарға да пайдалану шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін негіз болып табылады.»;
көрсетілген Қағидаға 3-қосымша алынып тасталсын;
көрсетілген Қағидаға 5, 6 және 8-қосымшалар осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1587 қаулысына 1-қосымша
Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 5-қосымша
Сериясы / Серия хх № ххххххх
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН КЕМЕНІҢ ИПОТЕКАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК СВИДЕТЕЛЬСТВО О ГОСУДАРСТВЕННОЙ РЕГИСТРАЦИИ ИПОТЕКИ СУДНА
20 ___ жылғы «__» _______ № ___ год
Мемлекеттік кеме тізіліміне 20___ жылғы «__» _______ № ___ енгізілген деректер негізінде осы арқылы _____________ (кеменің атауы) кемесінің ипотекасын мемлекеттік тіркеу куәландырылады. На основании данных, внесенных в Государственный судовой реестр под № ___ от «__» _______ 20__ г., настоящим удостоверяется государственная регистрация ипотеки судна __________________________ (наименование судна) Кеменің ипотекасы нысанасының сипаттамасы Описание предмета ипотеки судна _______________________________ (кеменің ипотекасы шартының деректемелері (реквизиты договора ипотеки судна) _____________________________________________________________________ Кепіл беруші Залогодатель __________________________________________________ (басқару органының атауы, орналасқан жері, мекенжайы (заңды тұлғалар үшін); тегі, аты (наименование, местонахождение, адрес органа, управления (для юридических лиц); фамилия, _____________________________________________________________________ әкесінің аты, азаматтығы, толық мекенжайы (жеке тұлғалар үшін), сондай-ақ телефон, факс, имя, отчество, гражданство, полный адрес (для физических лиц), а также телефон,факс, телекс, _____________________________________________________________________ телекс, электрондық почта) электронная почта) _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Кепіл ұстаушы Залогодержатель _______________________________________________ (басқару органының атауы, орналасқан жері, мекенжайы (заңды тұлғалар үшін); (наименование, местонахождение, адрес органа, управления (для юридических лиц); _____________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты, азаматтығы, толық мекенжайы (жеке тұлғалар үшін), фамилия, имя, отчество, гражданство, полный адрес (для физических лиц), а также _____________________________________________________________________ сондай-ақ телефон, факс, телекс, электрондық почта) телефон, факс, телекс, электронная почта) _____________________________________________________________________ Кеме ипотекасымен қамтамасыз етілген міндеттеменің ең көп мөлшері Максимальный размер обязательства, обеспеченный ипотекой судна _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Кеме ипотекасының аяқталу күні Дата окончания ипотеки судна ________________________________________ Ерекше белгілер Особые отметки ______________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Кеме туралы мәліметтер Сведения о судне __________________________ 1. Кеменің үлгісі және мақсаты Тип и назначение судна ________________________________________ 2. Тіркеу орны Место регистрации _____________________________________________ 3. Жасалған орны мен уақыты Место и время постройки _______________________________________ 4. Басты мөлшерлер: Главные размеры: Ұзындығы Ені Бортының биіктігі Длина _________________ Ширина ____________ Высота борта ______ 5. Сыйымдылығы Жалпы Таза Вместимость: __________ Валовая ___________ Чистая ____________ Осы Kуәлік кеменің ипотекасының мемлекеттік тіркелгендігін куәландырады. Настоящее Свидетельство удостоверяет государственную регистрацию ипотеки судна. Осы Kуәлік Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы берді _ Настоящее свидетельство выдано территориальным органом Комитета транспортного контроля 20__ ж./г. «________» ______________________ (күні/дата) (айы/месяц) М.О. М.П. ______________ ___________________________ Көліктік бақылау комитеті (қолы/подпись) (аты-жөні/Ф.И.О) аумақтық органының басшысы Руководитель территориального органа Комитета транспортного контроля
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1587 қаулысына 2-қосымша
Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 6-қосымша
Сериясы / Серия хх № ххххххх
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН КЕМЕНІҢ ИПОТЕКАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІККЕ ҚОСЫМША ПАРАҚ ДОПОЛНИТЕЛЬНЫЙ ЛИСТ К СВИДЕТЕЛЬСТВУ О ГОСУДАРСТВЕННОЙ РЕГИСТРАЦИИ ИПОТЕКИ СУДНА
20___ жылғы/год «__» ________ № ___
Қосымша парақ Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке берілді.
Дополнительный лист выдан к Свидетельству о государственной регистрации ипотеки судна
Кеме ипотекасы туралы шартқа қосымша келісімнің нөмipi: _______
Номер дополнительного соглашения к договору об ипотеке судна
Кеме ипотекасы туралы шартқа қосымша келісім жасалған күні: ___
Дата заключения дополнительного соглашения к договору об ипотеке судна
№ _____ Кеме ипотекасы туралы шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәні:
Сущность внесенных изменений и (или) дополнений в договор об ипотеке судна
_____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
Егер, кеме ипотекасы туралы шарт бойынша борышкер кепіл бepуші болып табылмаса кепіл бepушi және (немесе) борышкер ауысқан кезде:
При смене залогодателя и (или) должника, если должник по договору об ипотеке судна не является залогодателем:
Жаңа кепіл берушінің және (немесе) борышкердің атауы: _________
Наименование нового залогодателя и (или) должника
Жаңа кепіл берушінің және (немесе) борышкердің мекенжайы: _____
Местожительство нового залогодателя и (или) должника
Жаңа кепіл берушінің қолы: _______________
Подпись нового залогодателя:
Осы куәлікке қосымша парақты Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы берді Настоящий дополнительный лист к свидетельству выдан территориальным органом Комитета транспортного контроля _____________ 20__ ж./г. «______» ______________________ (күні/дата) (айы/месяц) М.О. М.П. ______________ ____________________ Көліктік бақылау комитеті (қолы / подпись) (аты-жөні / Ф.И.О) аумақтық органының басшысы / Руководитель территориального органа Комитета транспортного контроля
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1587 қаулысына 3-қосымша
Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 8-қосымша
Сериясы / Серия хх № ххххххх
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН КЕМЕНІ МЕМЛЕКЕТТІК КЕМЕ ТІЗІЛІМІНЕН ШЫҒАРУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК СВИДЕТЕЛЬСТВО ОБ ИСКЛЮЧЕНИИ СУДНА ИЗ ГОСУДАРСТВЕННОГО СУДОВОГО РЕЕСТРА
Осы арқылы кеменің
Настоящим подтверждается, что судно
1. Атауы
Название ______________________________________________________
2. Мемлекеттік тіркеу орны
Место государственной регистрации _____________________________
3. Tipкeу нөмipi
Регистрационный номер _________________________________________
4. Мемлекеттік тіркелген күні
Дата государственной регистрации ______________________________
5. Кеменің үлгісі
Тип судна _____________________________________________________
6. Жасалған орны мен уақыты
Место и время постройки _______________________________________
7. Ұзындығы
Длина _________________________________________________________
8. Ені
Ширина ________________________________________________________
9. Биіктігі
Высота ________________________________________________________
10. Меншік иесі және оның мекенжайы
Собственник и его адрес _______________________________________ _____________________________________________________________________ барлық тіркелген құқықтары мен ауыртпалықтары тоқтатыла отырып, Мемлекеттік кеме тізілімінен шығарылғандығы расталады.
исключено из Государственного судового реестра с прекращением всех зарегистрированных прав и обременении.
Осы куәлікті Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы берді _____________________________________________________________________
Настоящее свидетельство выдано территориальным органом Комитета транспортного контроля 20__ ж./г. «_______» _________________________ (күні/дата) (айы/месяц)
М.О. М.П. ______________ __________________________ Көліктік бақылау комитеті (қолы/подпись) (аты-жөні/Ф.И.О) аумақтық органының басшысы/ Руководитель территориального органа Комитета транспортного контроля
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |