Toggle Dropdown
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 28 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 19 наурызда № 7476 тіркелді
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидалары бекітілсін.
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың біріктірілген есептерін беру, сондай-ақ оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 188 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4858 тіркелген, 2007 жылғы 14 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 141 (1170) жарияланған);
2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың біріктірілген есептерін беру, сондай-ақ оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 188 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 276 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5097 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 13 ақпандағы
№ 28 қаулысымен бекітілген
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидалары
1. Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі мен мерзімін айқындайды.
2. Жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы құралдарының атауы мен санын, сондай-ақ осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысанда жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жалпы сомасына осы қаржы құралдарындағы инвестициялар мөлшерінің пайыздық қатынасын көрсете отырып, зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан әр инвестициялық портфелдің құрылымы түрі туралы мәліметті мемлекеттік және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
3. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан инвестициялық портфелдің құрылымы туралы мәліметті жариялау үшін кемінде он бес мың дана таралыммен шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарын пайдаланады және (немесе) көрсетілген ақпаратты осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін интернет-ресурсында орналастырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан инвестициялық портфелдің құрылымы туралы деректерді жариялау (орналастыру) үшін пайдаланатын бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорлары Заңның 29-бабында көзделген зейнетақы қағидаларына енгізеді.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан инвестициялық портфелдің құрылымы туралы мәліметтерді жариялау үшін пайдаланатын интернет-ресурсының сервері өткізгіштік қабілеті 20 Mbit/sec кем емес болатын байланыс арнасы бойынша Интернет желісіне қосылады. Интернет желісіне қосылу үшін деректерді беру жылдамдығы 128 Kbit/sec болатын байланыс арнасын пайдаланатын Интернет желісі пайдаланушының интернет-ресурсының кез келген парағын іске қосу уақыты парақты графикамен және басқа элементтермен толтыруына қарай 10 секундтан көп болмайды.
Интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру күні мен уақыты көрсетіледі, сондай-ақ олардың әрдайым сақталуы қамтамасыз етіледі.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан әр инвестициялық портфелдің құрылымы түрі туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмейтін мерзімде жарияланады (орналастырылады).
6. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан әр инвестициялық портфелдің құрылымы түрі туралы мәліметтердегі деректер тиісті есепті күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша ұлттық валюта - теңгеде көрсетіледі.
7. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен әр инвестициялық портфелінің құрылымы түрі туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жариялау (орналастыру) үшін пайдаланған бұқаралық ақпарат құралдарын көрсете отырып, растайтын құжаттардың қосымшаларымен бірге осы Қағидалардың 2 және 5-тармақтарын орындау жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне береді.
Зейнетақы активтер есебінен
жинақтаушы зейнетақы қорының
инвестициялық портфелінің
құрылымы туралы мәліметтерді
жинақтаушы зейнетақы қорларының
бұқаралық ақпарат құралдарында
жариялау қағидаларына қосымша
«___» «_________» 20___ жылғы жағдай бойынша зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан
______________________________________________________
(жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
___________________________инвестициялық портфелінің құрылымы
(инвестициялық портфелдің түрі)
Эмитенттің атауы және қаржы құралының түрі | Қаржы құралының сәйкестендіргіші | Номиналды құнның (базалық активтің) валютасы | Рейтинг | Өтеу күні | Саны | Ағымдағы құн | Үлес салмақ | |
инвестициялық портфелден | зейнетақы активтерінен |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
Кестені толтыру бойынша түсініктемелер:
1-бағанда қаржы құралы эмитентінің толық атауы және оның түрі (оның ішінде, «кері репо» операциясы нәтижесінде алынған бағалы қағаз, тазартылған бағалы металл, туынды қаржы құралы, банк депозиті және т.б.) көрсетіледі.
2-бағанда бағасы белгіленетін қаржы құралдарының қысқаша атауы (бірегей сәйкестендіргіші), сондай-ақ қаржы құралының Ұлттық сәйкестендіру коды (ӨСК), Халықаралық сәйкестендіру коды (International Securities Identification Number - ISIN) не банк депозитін ашу шартының нөмірі көрсетіледі.
3-бағанда номиниирленген қаржы құралының «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» 07 ИСО 4217-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес валюта коды не туынды қаржы құралы бойынша базалық актив болып табылатын валюта коды көрсетіледі.
4-бағанда борыштық бағалы қағаздардың бағалы қағаздың рейтингтік бағасы, эмитент (банк) акцияларының (банк салымының) рейтингі не қарсы әріптестің туынды қаржы құралының рейтингі, сондай-ақ рейтингтік бағаны берген рейтингтік агенттіктің атауы көрсетіледі. Екі және одан да көп рейтингтік баға болған жағдайда соңғы берілген рейтингтік баға көрсетіледі. Халықаралық рейтингтік агенттіктердің (Standard & Poors, Moody's Investors Service, Fitch Ratings) рейтингтік бағалары болған жағдайда осы рейтингтік агенттіктер берген рейтингтік бағалары көрсетіледі.
5-бағанда шығарылым (мәміле/шарт) талаптарына сәйкес борыштық бағалы қағаздардың («кері репо» операциясы немесе банк салымы немесе туынды қаржы құралы) «Күні/айы/жылы» форматта өтеу (жабу) күні көрсетіледі; үлестік және өзге мерзімсіз бағалы қағаздар үшін осы баған толтырылмайды.
6-бағанда қаржы құралдарының саны дана түрінде көрсетіледі.
7-бағанда есептелген сыйақыны есептегенде, қаржы құралдарының құнсыздануын есепке ала отырып, есепті күндегі олардың ағымдағы жиынтық сомасы мың теңгемен көрсетіледі.
8-бағанда зейнетақы активтер есебінен қалыптасқан инвестициялық портфелдің (орташа немесе консервативті) ағымдағы құнының қаржы құралының үлес салмағы пайызбен, үтірден кейінгі екі мәнге дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
9-бағанда зейнетақы активтерінің ағымдағы құнынан қаржы құралының үлес салмағы пайызбен, үтірден кейінгі екі мәнге дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
10-бағанда қаржы құралдарымен жасалатын мәміленің мәнін нақтылайтын қаржы құралдары туралы қосымша ақпарат көрсетіледі (мәселен, бағалы қағаз «кері репо» операциясы нәтижесінде алынған болса, осы бағанда тиісті белгі жасалады).