• Мое избранное
Шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1348 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес
«Шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 27.01.2015 жылғы № 39 Бұйрығын қараңыз
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 27) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                     С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 24 қазандағы
 № 1348 қаулысымен
 бекітілген
Шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 4-бабының 27) тармақшасына сәйкес әзірленді және табиғи қатты отынмен жұмыс істейтін электр станцияларының, өнеркәсіптік және жылыту қазандықтарының отын беру жабдықтарын, шаң дайындау қондырғыларын пайдаланудың жарылыс қауіпсіздігі жағдайын қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) энергетикалық кәсіпорын жабдығын авариялық ажырату - жабдықтың бұзылуы немесе жұмыс параметрлерінен асып кетуінен қорғануын ажырату себепті ажыратылуына байланысты жабдықтың электрмен жабдықталуын ішінара немесе толық тоқтату;
2) газбен кептіру - отынды қазандықтың от жанатын майынан немесе газ жолдарынан алынатын түтінді газбен кептіру, бұл кезде шаң дайындау қондырғысынан шаң-газ қоспасындағы көлемді оттегі концентрациясы (су буының құрамын есепке алмай-ақ) 16 %-дан аспайды;
3) отын беру жабдығы - табиғи отынды шаң әзірлеуші қондырғыға тасымалдауға арналған жабдық;
4) тоқтатым - энергия қондырғыларын немесе жабдықтарын жоспарлы немесе жоспардан тыс істен шығару;
5) шаң тәріздес отын - кептірілген, ұсақталған табиғи қатты отын;
6) шаң дайындау қондырғысы - кесек табиғи қатты отын кептірілетін және ұсақталатын жабдық;
7) отынды жою - бункерден отынды немесе шаңды оны қазандықта жағу арқылы жою;
8) транзиттік құбыр жолдары мен электр кәбілдері - осы үй-жайда орнатылған технологиялық жабдыққа жүргізілмейтін құбыр жолдары мен электр кәбілдері.
3. Отын беру жабдықтары, шаң дайындау қондырғылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидаларының талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі тәртібі
4. IV топтағы жарылу қаупі бар отынды пайдаланатын электр станцияларындағы жібітетін және жүк түсіретін қондырғылар әр түрлі ғимараттарда іске қосылады.
5. Толық жанбаған өнімдер қазанның газ жолдарындағы  шөгінділердің және от жанатын мойындағы, газ жолдарындағы қабырғаларда орналасқан қыздыру құрылғыларының от жанатын мойнындағы тұрып қалған және нашар желдетілетін аймақтардың пайда болу мүмкіндігін болдырмайтын іс-шаралар орындалады.
6. Мыналар бойынша:
1) тарсыл және жарылыс кезінде оттық пен қазанның газ жолдарын, жанарғының қарайтын терезелері мен люктерін ашу мүмкіндігін болдырмау; 
2) жоғары концентрациялы шаң шығаратын жүйелердегі шаң бункеріне ауаның кіру мүмкіндігін болдырмау; 
3) қазанның қоқыс тазартатын қондырғысының бетіндегі суда жүзетін қождың және жанып бітпеген отынның пайда болуының алдын алу іс-шаралары қамтамасыз етіледі. 
7. Кез келген технологиялық қорғану мен бұғаттау қазан (блок) пультіндегі жарық немесе дыбыстық сигнализациямен қоса жүреді, бұл қорғанудың дыбыстық дабылы өртке қарсы автоматика жүйесінің (қондырғылар) дабылынан тембр бойынша ерекшеленеді.
8. Жарылудан сақтандыру клапандары (бұдан әрі - ЖСК) қызмет көрсетуде мембраналардың дұрыс дайындалуы, олардың материалы мен қалыңдығын дұрыс таңдау бақылауға алынады. Бұл мәлімет, сондай-ақ мембраналарды ауыстыру мерзімділігі жауапты тұлға мен жұмыс жүргізу күнін көрсете отырып жөндеу құжаттарында тіркеледі.
9. Жабдықтарды монтаждау және жөндеу кезінде орындалатын пісіру жұмыстарының сапасы жұмыс істеу кезінде технологиялардың сақталуымен, жұмысты білікті дәнекершілердің орындауына рұқсат беру және мұқият қабылдануын мұқият бақылаумен қамтамасыз етіледі.
10. Қазанның жанарғысына шаң тамызықтық отынның тұрақты жануы және қазанның бұрылысты газ жолындағы жану өнімдерінің берілген температура мәніне жеткен кезінде беріледі.
11. Алау өшкен кезде оттықта негізгі және түсіру жанарғысы арқылы (автоматты түрде немесе қолмен) тамызық отын мен шаң мен ауа қоспасының берілуі де тоқтайды, сондай-ақ тұтандырғыш құрылғы да ажыратылады. Алаудың сөну себептері жойылғаннан кейін және оттық пен газ жолдарын қайтадан желдеткеннен кейін жұмыс қайта басталады.
Тесіктер мен қарауға арналған терезелер ашық болған кезде қазан жағылмайды. Алауды сыртынан бақылау арнайы люктер арқылы жүзеге асырылады.
12. Жану ошақтары бар отын беруші конвейерлерге, сондай-ақ бас корпустың шикі отын бункерлеріне және шикі отын бункерлерінен шаң дайындау жүйесіне орын берілмейді.
Отын беру трактісі бойынша отынның берілуі қоқыстан тазарту, металл мен жаңқалардан тазарту құралдарының көмегімен жүзеге асырылады.
13. Қазанды қыздыру бетінің үрілуі (жуылуы), сондай-ақ күлдердің жинастырылуы мынадай:
1) алаудың тұтануынсыз жанатын оттықтың тұрақты жұмысы кезінде; 
2) қазан машинисінің осы операцияға рұқсат алған кезінде;
3) оттықтың жоғарғы бөлігінде жабдықтың осы түрі үшін белгіленген мәнге дейін сиреуі ұлғайтқан кезде жүргізіледі.
14. Өндірістік үй-жайларда және жабдықтардағы өрт жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларының (бұдан әрі - ӨҚҚ) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
15. Шаң және шикі отын бункерлерін, шаң дайындау жабдығын қарау, тазалау, жөндеу жұмыстары наряд бойынша және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кездегі қауіпсіздік техникасы қағидаларының (бұдан әрі - ТҚҚ) талаптарын сақтаған кезде жүргізіледі.
Тоқтатылған жүйені жөндеу немесе қарау үшін люктер мен есіктер шаңның қалдықтары жалынсыз күйде болғанда ашылады.
Балғалы диірмен және желдеткіш-диірмен люктерін ашу алдында диірмендерге су құйылады.
Есіктер мен люктерді ашу кезінде:
1) оларға қарама-қарсы адамдардың болмауын;
2) сепаратордағы реттеуші шиберлер мен қалақшалардың, газ-ауа құбырына әкелетін шапандардың және сепаратордың артында орналасуының өзгерісін;
3) диірмен корпусының бойымен, шаң құбырлары мен ауа құбырлары бойымен соғуды қамтамасыз етеді.
16. Диірменді тоқтатқан кезде және кептіруші агенттің газ және ауа құбырының клапандарын нығыздап жапқанда диірменнің алдына ашық күйдегі атмосфера клапаны орнатылады.
17. Шаң дайындау құрылғыларының қандай да бір бөлігінде, шикі отын мен шаң бункерін қоспағанда, жану белгілері байқалғанда өртке қарсы қызмет шақырылады, ӨҚҚ-ға сәйкес жану ошағын жою жұмысы жүзеге асырылады.
Шаң дайындау құрылғысының (диірменнің) ішінде жану белгілері пайда болған кезде оған бу немесе шашыратылған су беріледі (штаттық үрлектер немесе шүмектер арқылы), өрт сендіріледі және құрылғы  (диірмен) тоқтатылады.
Отын беруші конвейерде отынның жануын байқаған кезде конвейер тоқтатылады да, штаттық жүйе немесе өрт сөндірудің қол құралдары қолданылады, ошақ сөндіріледі.
18. Қазан оттығында, газ құбырлары мен күл тұтқыштарда жарылыс болған кезде қазан дереу тоқтатылады.
19. Шаң дайындау жүйесіндегі, оттықтағы, газ құбырындағы және күл тұтқыштағы жарылыстан кейін қазан турбина (қазандық) цехының жедел персоналы қатарынан тағайындалған жауапты тұлға зардап шеккен адамдарды табу және оларға ӨҚҚ-ға сәйкес көмек көрсету үшін жарылыс аймағын мұқият тексеру шараларын қабылдайды.
20. Шаң дайындау жүйесіндегі, оттықта немесе қазандық пен отын жеткізу үй-жайларында орын алған жарылыс және шаңның өртену жағдайларының барлығы жолға қойылған заңды тәртіппен қарастырылады және тіркеледі.
21. Қазанды тұтату алдында барлық монтаждау және жөндеу жұмыстары тоқтатылады, рұқсат ету наряды жабылады, осы қазанды тұтатуға қатысы жоқ персонал шығарылады.
22. Жарылыс кезінде қазанды жарылыс себептері жойылғаннан және зақымдалған жабдықты қалпына келтіргеннен кейін жағуға болады.
23. Жөнделген немесе қайта жаңғыртылған отын жеткізу жабдығы мен шаң дайындау қондырғысын іске қосу үшін рұқсатты жобалау құжаттамасының қондырғы конструкциясына сәйкестігі туралы актісі, осы Қағидалар мен ТҚҚ-ны талаптарына сәйкестігін куәландыратын актісі болған кезде кәсіпорынның техникалық басшысы береді.
24. Отын жеткізу үй-жайларына мыналар төселмейді:
1) жылудың, технологиялық будың және электр кәбілдерінің транзиттік құбырлары;
2) оттегінің, ацетиленнің және басқа да жанатын газдар мен тез тұтанатын сұйықтардың құбырлары.
25. Шикі көмір бункеріне құйылатын отын алдын ала ұсату және металл мен басқа бөгде заттардан тазарту сатысынан өтеді.
Электр станциялар отын жеткізу трактісіне түсетін отынның сусымалы құралдарымен қамтамасыз етіледі.
26. Диірмен алдында кептіру агентінің газды ауаны өткізгіште отынның жиналып қалу мүмкіндігін жою жөніндегі іс-шарамен қамтамасыз етіледі.
27. Өздігінен жануды алдын алу және бункерлерде шикі отын мен шаңды бақылау үшін мыналар қамтамасыз етіледі:
1) жүйелі түрде кемінде әрбір 7-10 тәуліктен кем емес шикі отынды бункерден жол берілетін ең төменгі деңгейіне дейін ағызу;
2) жүйелі түрде жергілікті жағдайды ескере отырып әзірленген кесте бойынша шаңды бункерлерден жол берілетін ең төменгі деңгейіне дейін ағызу, сол кезде ыстық ауаның бункерге түсуі жойылады және шаңмен қоректендіргіштен шаңды біркелкі беру қамтамасыз етіледі;
3) қазандықты күрделі жөндеу алдында шикі отын мен шаң бункерлерін толық түсіру және ішкі қабырғаларын тазарту;
4) қазандықты газды немесе мазутты жағуға көшіру кезінде өздігінен тұтану және бункерлерде шикі отын мен шаңды бақылау шарттары бойынша отынды сақтаудың жол берілетін мерзімінен асатын сақтау мерзіміне дейін шикі отын мен шаң бункерінен іске косу;
5) шаңды қоректендіргіштердің ұзақ уақыт бойы тоқтап тұруына жол бермеу.
28. Шикі отын бункерінде шұңқыр пайда болған кезде шаң дайындау жүйесі тоқтатылады, бункер отынмен толтырылады.
29. Шикі отын бункерінде бықсу немесе жану ошақтары табылған кезде:
1) диірмен алдында кептіру агентінің газды ауа өткізгішіне бу беріледі;
2) бункерде жану ошағына су шашыратылып құйылады;
3) бункер отынмен толық толтырылады;
4) бункерден отынды ағызу жалғастырылады, бункердегі отынды қозғау құралдарының жұмысы тоқтатылады.
30. Ғимараттан тыс орналасқан, шаң дайындау қондырғылары элементтерінің жылу оқшаулағышы осы элементтердің ішкі қабырғаларындағы қоршаған ауаның осы жердегі ең аз температурасы үшін су буының сұйық түрге айналуына мүмкіндік бермейтін шарттардан алынады. Жылу оқшаулағыш атмосфералық шөгінділер әсерінен қорғалады.
31. Қазандық орналасқан үй-жаймен немесе машина залымен жапсарлас, бункер үстіндегі галерея қабырғаларында терезелерді орнатуға жол берілмейді.
32. Пневматикалық құлатуды қолдану кезінде пневматикалық құлатуды қосу аралығында бункерлерге қысылған ауаның енуін жоятын жағдайлар қамтамасыз етіледі. Қысыммен жұмыс істейтін шаң дайындау жүйесі үшін кептіру агентінің шикі отын бункеріне түсуіне мүмкіндік берілмейді.
33. Бункер қақпағының сыртқы жағында және оның үстіндегі жабынында көмір шаңының жиналуына мүмкіндік берілмейді.
34. Шаң дайындау жүйесі үшін көршілес жүйелер бункерлеріне шаңды беру үшін шнектерді қолдану I топтағы жарылыс қаупі бар көмірлерге ғана жол беріледі.
35. Мынадай іс-шаралар қамтамасыз етіледі:
1) қысыммен жоғары шоғырланған шаң беру жүйелерін шаң бункеріне шанағына тасымалданатын ауаның және оттыққа шаңды тасымалдау кезінде шаңдық ағынның толықсымасы кіруіне мүмкіндік бермеу;
2) шаң дайындау жүйесінің барлық элементтерінде: келте құбырлар мен шарлы барабан диірменінің мойнында, шаң өткізгіштің бір қимасының басқасына ауысуында, циклондардан шығу және кіруде шаң өткізгіш учаскелерінде, желдеткіштерде, сепараторларда, шаңбөлгіштерде және жабдықтың басқа элементтерінде шаңның шөгу мүмкіндігін жою;
3) шаң еткізгіштер бұрылыстарының тозу қарқындылығын төмендету;
4) жарылыс қауіптілігі II—IV топтардағы отын үшін шаң-газ-ауа ортасы бойынша шаң дайындау жүйесінің араларындағы белініс. Бір жанарғыға бірнеше шаң дайындау қондырғыларының аэроқоспасын тартуға жол беріледі;
5) жұмыс істейтін шаң дайындау қондырғыларында люктер мен лаздардың ашылуының алдын алу, сондай-ақ шаңгазауа трактының (ВПК мембранасын ауыстыру және басқалары) бітемеліп бұзылу жұмыстарына жол бермеу. Циклон кезінде торларды тазалау жүмыстарына ғана жол беріледі.
36. жарылыс қаупі II—IV топтардағы отынды ұсақтау кезінде мынадай іс-шаралар көзделеді:
1) блоктау бойынша оттыққа шаңды тікелей үрлей отырып, шаң дайындау жүйелерінде балғалы диірменді ажыратқан кезде оның алдындағы газауаөткізгішіне және сепараторға шашылған су беріледі, сондай-ақ суды бермей, диірменді іске қосуға тыйым салынады;
2) блоктау бойынша орта жүрісті диірмендерді ажыратқан кезде, оған бу беріледі және бу бермей диірменді іске қосуға тыйым салынады.
37. Шаң мен газды (мазутты) бірге жаққан кезде, сондай-ақ жағу материалы ретінде газ бен мазутты пайдаланған кезде қазандық қондырғысы бақылаудың, қорғаныстың, блоктаудың және сигналдаудың барлық түрімен жабдықталады.
38. Егер:
1) олар жарылыс кезінде туындайтын ең жоғары мүмкін боларлық қысымнан асатын ішкі артық қысымға есептелсе;
2) олар ішкі артық қысымға есептеліп, оның мәні ЖАК жүктемесіз қондырғылары бар болғанда, жарылыстың ең жоғары қысымынан кем болса, шаң дайындау жүйесінің элементтері, тораптары және жабдықтары жарылыс кезіндегі қираудан қорғалады.
39. Шаң дайындау жүйесінің барлық элементтері, тораптары және жабдықтары беріктігі бойынша есептеледі: шикі отын қоректендіргішінен бастап жанарғыға дейін (қоректендіргіштер және шикі отын ағыны, қалақты жапқыш, шаңдық шнектер, бункерлер, шаң қоректендіргіштері, от бөгегішінің корпусы), сондай-ақ диірменнен бастап кептіру агентінің арынды үлестіруші қорабына дейін немесе кептіру агентінің жеке желдеткішіне дейін.
Диірменнің алдында түтікшелі от бөгегіш болған кезде, газ-ауа өткізгішінің беріктігін есептеу талап етілмейді.
Компенсатордың беріктігі есепке алынбайды. Олар персоналға қауіпті емес орындарда орнатылады.
40. Циклондар мен шаң бункерлерін жарылыс өнімдері бұрып әкету арқылы ғимараттан тыс шеттетіледі, олар атмосфералық шөгінділерден күнқағармен, жабынмен, қолшатырмен немесе жарылыс өнімдерінің өтуіне жол бермейтін басқа қондырғылармен жабылады.
41. Шаң дайындау жүйесінің жоспарлы тоқтатылуы кезінде алдымен отын қоректендіргіш ажыратылады. Жүйені отыннан босатқаннан кейін диірмен мен желдеткіштер тоқтатылады. Жергілікті нұсқаулықта тазарту және желдеткіш жүйесінің режимі бойынша нақты нұсқаулар беріледі.
Қазандықтың авариялық жағдайда тоқтатылуы кезінде шаң дайындау жүйесі отыннан босатылмай, диірмендер мен желдеткіштер тоқтатылады.
42. Шаңның бір бункеріне қосылған барлық шаң дайындау жүйесі жоспарлы түрде оны сақтаудың шектік мерзімінен аспайтын мерзімге тоқтатылған кезде, бункерден шаң толығымен шығарылады, бункердің ішкі қабырғалары тазартылады (қажет болғанда сумен шайылады) және қаралады.
Қайтадан жобаланған қазандар үшін қазандықтың немесе шаң дайындау жүйелерінің авариялық тоқтатым кезінде гидрокүлді шығару жүйесіне шаң бункерлерін босату, бункерлерде шаңды сақтау мерзімі оны сақтаудың рұқсат берілген мерзімінен аспайтын мерзімге тоқтатылған кезде, мүмкіндігі көзделеді.
43. Жұмыс істейтін қазанның шаң бункерінде түтіндеу ошақтары табылған кезде:
1) бункерден ылғалды copy кұбыр жолдарының клапандары жабылады;
2) шаң дайындаудың жұмыс істейтін жүйелерінің өнімділігі ұлғаяды, жұмысқа резервтік жүйелер іске қосылады және шаң бункері жол берілетін ең жоғары деңгейіне дейін толтырылады;
3) қазандықтың бу жүктемесі ұлғаяды, резервтік шаң қоректендіргіштері іске қосылады, шаң бункерінен қазандық оттығына шаң түрінде түсуі жалғасады, бункерде шаңның ең жоғары деңгейі сақталады.