Toggle Dropdown
1. Қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қаржы ресурстарын тарта отырып ауыл шаруашылығы өндiрiсiне несие берудiң пилоттық жобасы мақұлдансын.
Отправить по почте
Аграрлық секторға несие беру мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 қаңтар N 137
Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң қаржы қаражатына қол жеткiзуiн қамтамасыз ету және тиiмдi пайдаланылуын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қаржы ресурстарын тарта отырып ауыл шаруашылығы өндiрiсiне несие берудiң пилоттық жобасы мақұлдансын.
2. "Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы мемлекеттiң 100 пайыз қатысуымен құрылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі заңнамада белгіленген тәртiппен 2001 жылы:
"Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн "Аграрлық несие корпорациясын құру туралы" N 40 бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен 150 000 000 (жүз елу миллион) теңге сомасында қаражат бөлсiн;
"Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының несиелiк ресурстарын қалыптастыру үшiн көздер қарастырсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:
"Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының жарғысын бекiтсiн;
мемлекеттiк тiркеуден кейiн "Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне берсiн;
осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi облыстардың әкiмдерiмен бiрлесiп, базасында ауылдық несие серiктестiктерi өрiс алатын аудандардың тiзбесiн айқындасын.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне және ұйымдардағы қатысудың мемлекеттiк үлестерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына және "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне және республикалық меншiктегi ұйымдардағы мемлекеттiк үлестерге иелiк ету және пайдалану бойынша құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына тиiсті толықтыру әзiрлесiн және бекiтуге енгізсiн.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С. Есiмовке жүктелсiн.
7-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 05.03.2004. № 276 қаулысымен. (25.01.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2001 жылғы 25 қаңтар N 137 қаулысымен мақұлданған