• Мое избранное

Отправить по почте

16

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығы

Осы Жарлыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Президентінің 12.08.2024 жылғы № 620 Жарлығына сәйкес (өзгерту 07.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2013 жылғы № 613 Жарлығымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.12.2023 жылғы № 423 Жарлығына сәйкес (04.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. 
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның жергiлiктi жерлердегi органдары мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне бағынатын әскерлер туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 30 желтоқсандағы N 1042 қаулысы; 
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның жергiлiктi жерлердегi органдары мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне бағынатын әскерлер туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 30 желтоқсандағы N 1042 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 13 сәуiрдегi N 1653 қаулысы; 
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның жергiлiктi жерлердегi органдары және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне бағынатын әскерлер туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 30 желтоқсандағы N 1042 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi N 2183 қаулысы.
1
Қазақстан Республикасы Президентінің
1996 жылғы 1 сәуірдегі
№ 2922 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
20
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 13.03.2012 жылғы № 282 Жарлығымен  (30.11.2000 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2013 жылғы № 613 Жарлығымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 14.11.2014 жылғы № 954 Жарлығымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 22.11.2016 жылғы № 372қ Жарлығымен (14.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 22.11.2016 жылғы № 373 Жарлығымен (14.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 21.06.2017 жылғы № 502 Жарлығымен(05.05.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 18.07.2017 жылғы № 525 Жарлығымен (21.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 07.11.2017 жылғы № 579 Жарлығымен (18.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 06.03.2018 жылғы № 647 Жарлығымен
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 03.08.2018 жылғы № 722 Жарлығымен (06.03.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 13.02.2019 жылғы № 842 Жарлығымен (03.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 10.09.2019 жылғы № 151 Жарлығымен (13.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 18.09.2019 жылғы № 163 Жарлығымен (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 19.07.2021 жылғы № 621 Жарлығымен(18.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 17.05.2022 жылғы № 893 Жарлығына сәйкес (19.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Ұлттық қауіпсіздік комитеті) – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздік органдары) бірыңғай жүйесіне, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) қорғау мен күзету, үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету және шифрлау жұмысын ұйымдастыру, терроризм актілерінің және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке өзге де аса қауіпті қылмыстық қол сұғушылықтардың жолын кесу, ұлттық қауіпсіздік органдары авиациясының қызметін ұйымдастыру, мемлекеттік құпияларды қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органы және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мынадай ведомстволары бар:
2) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі;
3) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «А» арнаулы мақсаттағы қызметі;
4) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі;
3. Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Ұлттық қауіпсіздік комитеті республикалық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өзінің қазақ және орыс тілдерінде жазылған атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Ұлттық қауіпсіздік комитеті азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
7. Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 66.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 09.11.2022 жылғы № 1068 Жарлығына сәйкес (05.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
10. Осы Ереже Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне кәсіпкерлік субъектілерімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Ұлттық қауіпсіздік комитетіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
2) «Сыртқы барлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүдделері үшін барлау ақпаратына қол жеткізу;
3) Қазақстан Республикасының Президентін, Парламентін, Үкіметін және басқа да мемлекеттік органдарын саяси, қаржы-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдауға қажетті барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаулармен қамтамасыз ету;
4) саяси, әскери-саяси, қаржылық-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда мемлекет басшылығының саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
5) Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері мен олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде мемлекеттік құпияларды қорғау және техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жасау бойынша шараларды іске асыру;
7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлау іс-шараларын жүзеге асыру
13-тармақ 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 13.03.2024 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (өзгерту 15.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қатысты техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті үйлестіру және жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған террористік және өзге де іс-әрекеттерді анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
10) Қазақстан Республикасында терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;
12) Қазақстан Республикасының Президентін, мемлекеттік органдарын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарды бейбіт және соғыс уақытында үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету;
13) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру;
14) Мемлекеттік шекараны қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету;
15) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қорғалған байланысын ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету;
16) үкіметтік байланыс желілерінің, республикалық қорғалған байланыс желілерінің және ұлттық қауіпсіздік органдарының қорғалған байланыс желілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
17) қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша қарсы барлау, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оларды жүргізуді қамтамасыз етуге жағдайлар жасау;