Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының нышандары туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 3526 Жарлығы
Toggle Dropdown
Редакция 28.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының нышандары:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының туы;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының эмблемасы;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «А» арнаулы мақсаттағы қызметінің туы;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыртқы барлау қызметінің жалауы;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының жалауы болып белгіленсін.
Toggle Dropdown
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. Мыналардың:
Toggle Dropdown
1) осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары туының;
Toggle Dropdown
2) осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары эмблемасының;
Toggle Dropdown
3) осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «А» арнаулы мақсаттағы қызметі туының;
Toggle Dropdown
4) осы Жарлыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыртқы барлау қызметі жалауының;
Toggle Dropdown
5) осы Жарлыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясы жалауының бейнесі мен сипаттамасы бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының нышандарын дайындауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын дайындайтын кәсіпорындар жүзеге асырады деп белгіленсін.
Toggle Dropdown
5. Былай деп айқындалсын:
Toggle Dropdown
1) осы Жарлықтың 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тулары мен жалауларын ұстау, сақтау және шығару шарты Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ішкі қызмет жарғысында айқындалады;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының эмблемасы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қызметтік ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының ғимараттарында орнатылады;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының бұйрықтарында және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары нышандарының бейнесiн мiндеттi түрде көрсетудің басқа да жағдайлары көзделуі мүмкiн.
Toggle Dropdown
6. Нышандарды дайындау бюджетте Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын ұстауға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Toggle Dropdown
7. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ұсынуы бойынша өзiнiң нормативтiк актiлерiн осы жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
Toggle Dropdown
8. Осы жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Президентi
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1997 жылғы 23 мамырдағы
№ 3526 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары туының СИПАТТАМАСЫ
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ТУЫ
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1997 жылғы 23 мамырдағы
№ 3526 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары эмблемасының СИПАТТАМАСЫ
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ЭМБЛЕМАСЫ
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1997 жылғы 23 мамырдағы
№ 3526 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары туының СИПАТТАМАСЫ
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының туы шеттерінің арақатынасы 2:3 болатын (өлшемі 1000:1500 мм) көктікен (көк) түсті тік бұрышты матадан тұрады. Тудың ортасында диаметрі 500 мм (тудың еніне қатысты 1/3) алтын (сары) түсті Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары эмблемасының негізгі элементтерінің трафаретті бейнесі – айшықталған жеті ұшты жұлдыз, жұлдыздың ортасында шаңырағы бар кіші қалқан орналасқан.
Toggle Dropdown
Тудың сол жағы диаметрі 32 мм және ұзындығы 2000 мм сапқа кигізуге мүмкіндік беретін тігіспен тігіледі. Саптың ұшы найза пішінінде болады және алтын-сары түсті металдан жасалған. Ұштықтың ұзындығы – 260 мм, ені – 110 мм. Найзаға ұшында қос шашағы бар алтын-сары түстес өрілген бау бекітілген. Баудың ұзындығы –750 мм, шашақтардың ұзындығы – 250 мм.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ТУЫ
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
_________________________
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1997 жылғы 23 мамырдағы
№ 3526 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары эмблемасының СИПАТТАМАСЫ
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының эмблемасы көгілдір (аспанкөк) түсті орталық алаңы (диаметрі 750 мм) және алтын (сары) түсті жиекпен (ені 250 мм) көмкерілген көктікен (көк) түсті сыртқы шеңбері (ені 750 мм) бар дөңгелек қалқан (диаметрі 1000 м) бейнесінен тұрады.
Toggle Dropdown
Көктікен (көк) түсті қалқанның сыртқы шеңберін бойлай мемлекеттік тілде: үстіңгі жағында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», төменгі жағында – «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген жазу (қаріп биіктігі 550 мм) жазылған. Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған.
Toggle Dropdown
Қалқанның ортасында көгілдір (аспанкөк) түсті алаңның үстінде жеті доғал шұғыласы бар, алтын (сары) негізге күрең қызыл (қою қызыл) түсті айшықты жеті ұшты жұлдыз (сәулелердің биіктігі бойынша диаметрі – 750 мм) орналасқан.
Toggle Dropdown
Жақұтты жұлдыздың ортасында кіші қалқан (диаметрі 400 мм) орналасқан.
Toggle Dropdown
Алтын (сары) жиекпен (ені 10 мм) көмкерілген көктікен (көк) түсті қалқанның (ені 40 мм) шеңберін бойлай мемлекеттік тілде (қаріп биіктігі 36 мм): «НАМЫС. АЙБЫН. ОТАН» деген жазу (ұран) жазылған. Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған.
Toggle Dropdown
Қалқанның ортасында көгілдір (аспанкөк) түстің үстіне алтын (сары) түсті киіз үй күмбезінің айшықты бейнесі – «шаңырақ» (диаметрі 280 мм) орналасқан.
Toggle Dropdown
Эмблеманың негізгі бөлшектерін:
Toggle Dropdown
кіші қалқан және шаңырағымен бірге ұран жазылған жұлдызды (орташа эмблема);
Toggle Dropdown
шаңырағы бар ұрансыз кіші қалқанды (кіші эмблема) өз алдында эмблемалар ретінде қолдануға жол беріледі.
Toggle Dropdown
Кіші эмблеманы пайдалану кезінде кіші қалқанның сыртқы шеңберін бойлай жеті күміс (ақ) тойтарма шегенің бейнесі салынады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының ЭМБЛЕМАСЫ
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
_________________________
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1997 жылғы 23 мамырдағы
№ 3526 Жарлығына
3-ҚОСЫМША
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «А» арнаулы мақсаттағы қызметі туының СИПАТТАМАСЫ
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «А» арнаулы мақсаттағы қызметінің туы шеттерінің арақатынасы 2:3 болатын (өлшемі 1000х1500 мм) көктікен (көк) түсті тік бұрышты матадан тұрады. Тудың ортасында диаметрі 500 мм (тудың еніне қатысты 1/3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «А» арнаулы мақсаттағы қызметінің негізгі элементтерінің трафареттік бейнесі орналасқан.
Toggle Dropdown
Тудың сол жағы диаметрі 32 мм және ұзындығы 2000 мм сапқа кигізуге мүмкіндік беретін тігіспен тігіледі. Саптың ұшы найза пішінінде болады және алтын-сары түсті металдан жасалған. Ұштықтың ұзындығы – 260 мм, ені – 110 мм. Найзаға ұшында қос шашағы бар алтын-сары түстес өрілген бау бекітілген. Баудың ұзындығы –750 мм, шашақтардың ұзындығы – 250 мм.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «А» арнаулы мақсаттағы қызметінің ТУЫ
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
_________________________
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1997 жылғы 23 мамырдағы
№ 3526 Жарлығына
4-ҚОСЫМША
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыртқы барлау қызметі жалауының СИПАТТАМАСЫ
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыртқы барлау қызметінің жалауы тік бұрышты матадан, саптан және шашақтары бар баудан тұрады.
Toggle Dropdown
Жалаудың матасы қою көк түсті тік бұрышты, оның өлшемі: ұзындығы 200 см, ені 100 см.
Toggle Dropdown
Жалаудың орта тұсында қою сарғыш түспен көмкерілген жайылған қанаттарымен үй, Отан дегенді білдіретін киіз үй фрагменті – керегені жауып тұрған бүркіт орналасқан.
Toggle Dropdown
Жалаудың үш жақ шеті алтын-сары түстес жібек шашақпен көмкерілген.
Toggle Dropdown
Матаның бір жақ енінде оны сапқа кигізуге арналған тесік бар, тесіктің диаметрі – 4 см. Жалаудың сабы диаметрі 4 см, ұзындығы 250 см дөңгелек қималы ағаштан жасалған. Сап ашық қоңыр түске боялған, сырланған және төменгі ұшында металл шығыршығы, ал жоғарғы ұшында – алтын түсті әшекейлі ұштығы бар.
Toggle Dropdown
Жалаудың бауы ширатылған, алтын түсті жібектен жасалған, ұштарында ұзындығы 15 см болатын екі шашақ бар. Баудың ұзындығы – 270–285 см.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыртқы барлау қызметінің ЖАЛАУЫ
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
_________________________
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1997 жылғы 23 мамырдағы
№ 3526 Жарлығына
5-ҚОСЫМША
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясы жалауының СИПАТТАМАСЫ
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының (бұдан әрі – ҰҚК Академиясы) жалауы алтын (сары) түсті жиекпен жиектелген, шеттерінің арақатынасы 2:3 болатын (өлшемі 1000:1500 мм) көктікен түсті тік бұрышты матадан тұрады. Жалаудың ортасында өлшемі 740х350 мм (жалаудың еніне қатысты 1/3) алтын (сары) түсті ҰҚК Академиясы эмблемасының негізгі элементтерінің трафареттік бейнесі – ашылған кітап негізгі дөңгелек қалқан, қосарлы жеті ұшты жұлдыз, шаңырағы бар кіші қалқан, қылқалам, қылыш орналасқан.
Toggle Dropdown
Матаның жоғарғы шетінде алтын түсті жібекпен мемлекеттік тілде: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ АКАДЕМИЯСЫ» деген жазу кестеленген, әріптердің биіктігі – 7,5 см.
Toggle Dropdown
Матаның төменгі шетінде алтын түсті жібекпен мемлекеттік тілде: «ОТАНҒА АДАЛ ҚЫЗМЕТ» деген жазу кестеленген, әріптердің биіктігі – 8,5 см.
Toggle Dropdown
Сол жағы жалауды диаметрі 32 мм және ұзындығы 2000 мм сапқа тағуға мүмкіндік беретін тігіспен тігілген.
Toggle Dropdown
Саптың ұшы найза пішінінде және алтын-сары түсті металдан жасалған. Ұштықтың биіктігі – 260 мм, ені – 110 мм.
Toggle Dropdown
Найзаға ұштарында екі шашағы бар өрілген алтын-сары түсті бау бекітілген. Баудың ұзындығы – 750 мм, шашақтардың ұзындығы – 250 мм.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының ЖАЛАУЫ
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
_________________________