Toggle Dropdown
Жеке кәсiпкерлiк туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы N 135 Заңы
Редакция 24.12.2001 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын iске асыруға, жеке кәсiпкерлiк үшiн мемлекеттiк кепiлдiктер жүйесiн қалыптастыруға бағытталған.
1-бап. Жеке кәсiпкерлiк ұғымы
1. Жекеше кәсiпкерлiк түрi ретiндегi жеке кәсiпкерлiк азаматтардың бастама жасайтын қызметi, ол табыс табуға бағытталған, азаматтардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және олардың тәуекелi мен мүлiктiк жауапкершiлiгi арқылы азаматтар атынан жүзеге асырылады.
2. Заңды тұлға құрмай және заңды тұлға белгiлерi болмаған жағдайда кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адам жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
2-бап. Жеке кәсiпкерлiк туралы заңдар
1. Жеке кәсiпкерлiк саласындағы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, оған қайшы келмейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. "Жекеше кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жеке кәсiпкерлiкке осы Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып қолданылады.
3. Осы Заң нотариустар мен адвокаттардың арнаулы заң актiлерiмен реттелмейтiн бөлiктегi қызметiн жүзеге асыру жөнiндегi қатынастарды реттейдi.
3-бап. Жеке кәсiпкерлiктiң түрлерi
1. Жеке кәсiпкерлiктiң түрлерi өзiндiк кәсiпкерлiк пен бiрлескен кәсiпкерлiк болып табылады.
2. Өзiндiк кәсiпкерлiктi бiр азамат меншiк құқығы бойынша өзiне тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi пайдалануға және (немесе) оған билiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа байланысты дербес жүзеге асырады.
3. Бiрлескен, кәсiпкерлiктi азаматтар тобы (жеке кәсiпкерлер) ортақ меншiк құқығы бойынша өздерiне тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға және (немесе) оған билiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа байланысты жүзеге асырады.
4-бап. Бiрлескен кәсiпкерлiктiң түрлерi
1. Бiрлескен кәсiпкерлiк бiрлескен ортақ меншiк (ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi, шаруа (фермерлiк) шаруашылығының ортақ меншiгi, жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ меншiк) немесе үлестiк ортақ меншiк негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Бiрлескен кәсiпкерлiктiң түрлерi мыналар болып табылады:
1) ерлi-зайыптылардың бiрлескен ортақ меншiгi негiзiнде жүзеге асырылатын ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiгi;
2) шаруа (фермерлiк) шаруашылығының ортақ меншiгi немесе жекешелендiрiлген тұрғын үйге бiрлескен ортақ меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк;
3) кәсiпкерлiк қызмет үлестiк ортақ меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын жай серiктестiк.
5-бап. Жеке кәсiпкерлiктiң әр алуан түрлерiн жүзеге асыру кезiнде iскерлiк айналымда iс-қимыл жасау
1. Некеде тұратын азамат кәсiпкер ретiнде өз зайыбын (ерiн) ескертпей өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырған ретте бұл зайыптың (ерiнiң) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiмi талап етiлмейдi.
Азамат өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланған жағдайларда, егер заң актiлерiнде немесе неке келiсiм-шартында, не ерлi-зайыптылардың арасындағы өзге де келiсiмде басқаша көзделмесе, мұндай пайдалануға зайыбының (ерiнiң) келiсiмi көзделедi.
2. Ерлi-зайыптылардың iскерлiк айналымда кәсiпкерлiкті жүзеге асыруы кезiнде ерлi-зайыптылардың бiрi екiншiсiнiң келiсiмiмен ерлi-зайыптылардың атынан iс-қимыл жасайды, мұның өзi жеке кәсiпкерлiктi тiркеу кезiнде расталуы немесе жеке кәсiпкердiң қызметi мемлекеттiк тiркеусiз жүзеге асырылатын жағдайларда жазбаша түрде көрсетiлiп, нотариаттық куәландырылуы мүмкiн.
Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң iскерлiк айналымда олардың атынан екiншiсiнiң iс-қимыл жасауына осылайша бiлдiрген келiсiмi болмаған жағдайда iскерлiк айналымда iс-қимыл жасаушы жұбайы кәсiпкерлiк қызметтi өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асырады деп саналады.
3. Кәсiпкерлiк қызметтiң объектiсi ретiнде жекешелендiрiлген тұрғын үйдi пайдалануға байланысты отбасылық кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезде iскерлiк айналымда тұрған үйге меншiк иелерiнiң бiрiнiң iс-қимыл жасауы басқа меншiк иелерiнiң нотариат куәландырған келiсiмiмен ғана жүргiзiледi.
4. Жеке кәсiпкерлiктi жай серiктестiк нысанын пайдаланып жүзеге асырған кезде жай серiктестiк қатысушыларының ортақ iстерi олардың ортақ келiсiмiмен жүргiзiледi. Бiр-бiрiмен өзара келiсiм бойынша қатысушылар iскерлiк айналымда iс-қимыл жасауды қатысушылардың бiреуiне тапсыруы мүмкiн, бұл жағдайда ол серiктестiктiң басқа қатысушылары берген сенiмхат негiзiнде iс-қимыл жасайды.
6-бап. Жеке кәсiпкерлердiң борыштары бойынша олардың мүлкiнен өндiрiп алу
1. Жеке кәсiпкерлер өз мiндеттемелерi бойынша, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өндiрiлiп алынбайтын мүлiктi қоспағанда, өздерiнiң барлық мүлкiмен жауап бередi.
2. Азамат өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезiнде меншiк құқығы бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен, оның iшiнде ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгiндегi үлесiмен жауапты болады.
Азамат кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланған жағдайларда оның борыштары бойынша өндiрiп алу ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне де қолданылуы мүмкiн.
Егер кәсiпкер болып табылмайтын ерлi-зайыптының бiрi екiншiсiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн ортақ мүлiктi пайдалануына келiспесе, ол ортақ мүлiктi бөлу туралы мәселе қоюға, оның iшiнде сот тәртiбiмен мәселе қоюға да құқылы.
Кәсiпкер болып табылмайтын ерлi-зайыптының әрқайсысының мүлкi өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырушы жұбайдың борыштары бойынша өндiрiп алу нысанасы бола алмайды.
3. Ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға байланысты ерлi-зайыптылардың борыштары бойынша өндiрiп алу iскерлiк айналымда олардың қайсысының iс-қимыл жасайтынына қарамастан, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне қолданылуы мүмкiн.
4. Кәсiпкерлiк қызмет объектiсi ретiнде жекешелендiрiлген тұрғын үй пайдаланылатын жағдайларда борыштар бойынша өндiрiп алу осы тұрғын үйге қолданылады.
5. Жай серiктестiкпен байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде жай серiктестiктiң қатысушылары, егер бiрлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, жай серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғалар алдында бiрлесiп жауап бередi.
1. Жай серiктестiк бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негiзiнде құрылады.
2. Бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шарт (жай серiктестiк шарты) бойынша тараптар (жеке кәсiпкерлер) жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн бiрлесiп iс-әрекет жасауға мiндеттенедi.
3. Жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн жай серiктестiктiң қатысушылары жарналарды мүлкiмен немесе өзге де мүлiктiк құқықтарымен, соның iшiнде санаткерлiк қызмет нәтижелерiне құқығын қоса, енгiзедi.
Қатысушылардың жарналары, егер жай серiктестiк шартында өзгеше көзделмесе, құны бойынша тең болып көзделедi. Мүлiк немесе еңбек жарнасын ақшамен бағалау серiктестiк қатысушыларының арасындағы келiсiм бойынша жүргiзiледi.
4. Шартқа қатысушылардың ақшалай немесе өзге де мүлiктiк жарналары, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi бiрлесiп жүзеге асыру нәтижесiнде жасалған немесе сатып алынған мүлiк олардың ортақ үлестiк меншiгi болып табылады.
5. Бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет бойынша ортақ шығындарды және оның нәтижесiнде болуы мүмкiн зияндарды өтеу тәртiбi қатысушылардың шартында белгiленедi. Егер шартта мұндай тәртiп көзделмесе, ортақ шығындар мен зияндар шартқа қатысушылардың ортақ мүлкiнiң есебiнен өтеледi, ал жетпеген сомалар олардың арасында өздерiнiң осы мүлiктегi үлестерiне пропорциялы түрде бөлiнедi.
6. Серiктестiкке қатысушылардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет нәтижесiнде алған табысы (пайдасы), егер жай серiктестiк шартында өзгеше көзделмесе, олардың ортақ мүлiктегi үлестерiне пропорциялы түрде бөлiнедi. Қандай да бiр қатысушыны пайда бөлiсiнен шеттету туралы келiсiм жарамсыз болып табылады.
7. Серiктестiк қатысушыларының ортақ мүліктегi өз үлесiне билiк етуге және тиiсiнше серiктестiкке қатысу құқығын өзге қатысушылардың келiсiмiнсiз басқаға беруге қақысы жоқ.
Серiктестiк қатысушысының өз қалауы бойынша бiрлескен қызметке қатысудан бас тартуға құқығы бар. Қатысушылардың олардың қайсыбiрiнiң серiктестiкке қатысудан бас тартуынан туындаған зияндары, егер жай серiктестiктiң шартында өзгеше көзделмесе, толық көлемiнде өндiрiп алынады.
8-бап. Шаруа шаруашылығы (фермерлiк шаруашылық)
1. Ауыл шаруашылығына арналған жерлердi ауыл шаруашылық өнiмiн өндiру үшiн пайдаланумен, сондай-ақ сол өнiмдi ұқсату және өткiзумен тығыз байланысты жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын шаруашылық шаруа шаруашылығы (фермерлiк шаруашылық) деп танылады.
2. Фермерлiк шаруашылықтың (шаруа шаруашылығының) негiзгi түрлерi: